24 маусым 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ PHD ДӘРЕЖЕСІН АЛУҒА ЛАЙЫҚ ДЕП ТАНЫЛДЫ

2026 жылғы 23 маусымда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің экология және география кафедрасының сениор-лекторы Гульфат Жанболатқызы Калелова ғылыми қауымдастық үшін маңызды жетістікке қол жеткізді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен диссертациялық кеңес отырысында ол «Білім алушылардың “Жаратылыстану” курсында себеп-салдарлық байланыстарды оқып-үйрену кезінде іс-тәжірибеге бағдарлы қызметін жандандыруда иллюстрациялық материалды қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

Диссертациялық кеңестің шешімімен Гульфат Жанболатқызы 8D01506 – География білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға лайық деп танылды.

Бүгінде университетте ғылымды дамытуға, ғылыми кадрларды даярлауға, жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыруға және диссертациялық кеңестердің қызметін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде университеттің ғылыми әлеуеті артып, ғылым жолын таңдаған жас зерттеушілердің қатары көбейіп келеді.