13 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТЕ ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРІН ТАНЫСТЫРУДА

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай Жас ғалымдардың III Халықаралық конгресі өтуде.

Аталған халықаралық ғылыми жиын аясында ұйымдастырылған жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелері көрмесіне Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері де қатысуда.

Көрме барысында университет ғалымдары беттік инженерия, қорғаныш жабындарын алудың заманауи технологиялары және конструкциялық материалдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту бағыттарындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстыруда. Сонымен қатар орталық мамандарының инновациялық әзірлемелері мен ғылыми жобалары көпшілік назарына ұсынылуда.

Мұндай халықаралық алаңдар жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерін кеңінен танытуға, отандық ғылымның әлеуетін көрсетуге және ғылыми қауымдастық өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жаңа ғылыми байланыстар орнатып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және перспективалы отандық технологияларды ілгерілетуге жол ашады.

AMANZHOLOV UNIVERSITY ғалымдарының халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы университеттің зерттеу әлеуетін арттыруға, ғылыми әзірлемелерді дамытуға және отандық ғылымның өркендеуіне қосылған үлес болып табылады.