18 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА ЕНДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғылыми әлеуеті мен зерттеу нәтижелері Kazakh National H-index Ranking 2026 ұлттық рейтингінде жоғары бағаланды.

Рейтинг қорытындысы бойынша университет бірқатар маңызды көрсеткішке қол жеткізді. Атап айтқанда:

Ұлттық H-index бойынша – 53 көрсеткішімен Қазақстан университеттері арасында 6-орын;

Google Scholar бойынша – H-index 248 көрсеткішімен 2-орын;

 Scopus бойынша – H-index 22 көрсеткішімен 35-орын;

 Web of Science бойынша – H-index 12 көрсеткішімен 35-орын.

Әсіресе, Google Scholar көрсеткіші бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында екінші орынға ие болуы – университет ғалымдарының ғылыми жарияланымдары мен зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін, сондай-ақ ғылыми еңбектеріне жасалған дәйексөздер деңгейін көрсететін маңызды жетістік.

Бұл нәтиже университетте ғылымды дамытуға, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға және халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялануға бағытталған жүйелі жұмыстың жемісі.

Университет ұжымы аталған жетістікке үлес қосқан ғалымдарды, профессор-оқытушылар құрамын және ғылыми қызметкерлерді құттықтайды. Ғылыми ізденістердің ауқымы кеңейіп, университеттің халықаралық ғылыми беделі арта берсін!