6 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГТАРЫ ӨЗ ӨНІМДЕРІН КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде IT және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебі, физика және технологиялар кафедрасының 6В07201 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 1–4-курс студенттеріне арналған жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде студенттер өз қолдарымен әзірлеген түрлі азық-түлік өнімдерін көпшілік назарына ұсынып, шығармашылық қабілеттері мен тәжірибелік дағдыларын танытты. Сонымен қатар өнімдерін безендіріп, таныстыру және сату арқылы кәсіпкерлік бағыттағы біліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.

Бастама теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, болашақ технологтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

Жобаның басты мақсаты – сапалы өнім өндіруге және кәсіби қызметінде заманауи шешімдерді қолдануға қабілетті, білікті, бастамашыл әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.