23 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ БІРІНШІ КУРС: АРМАНҒА БАСТАР ЖАҢА ҚАДАМ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіне қарасты Биология кафедрасында бірінші курс студенттеріне арналған «Арманға бастар жаңа қадам» атты мерекелік іс-шара өтті.

Кездесудің мақсаты – жаңа білім алушыларды кафедра ұжымымен таныстырып, университеттің оқу және қоғамдық өміріне бейімделуіне қолдау көрсету.

Іс-шара кезінде студенттерге Биология кафедрасының білім беру бағыттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар студенттер кафедра оқытушыларымен және жоғары курс білім алушыларымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Мерекелік шара жылы әрі еркін форматта өтіп, студенттер өзара танысып, пікір алмасты. Кездесу барысында университетте білім алумен қатар, ғылыми жобаларға, қоғамдық және шығармашылық бастамаларға белсенді қатысудың маңыздылығы атап өтілді.

«Арманға бастар жаңа қадам» іс-шарасы бірінші курс студенттері үшін жаңа ортаға қадам басып, университет өмірімен танысуға мүмкіндік берген мазмұнды кездесуге айналды.

Биология кафедрасы жас білім алушыларға оқу жолында сәттілік тілеп, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектестік білдіреді.