30 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «COURSERA» ҮШІН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕНТІН ӘЗІРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТЕДІ

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «Coursera үшін цифрлық білім беру контентін әзірлеу: құрылымы, әдістемесі және құралдары» тақырыбында оқыту семинары өтетінін хабарлайды.

Семинарда Coursera платформасына арналған цифрлық білім беру контентін әзірлеудің құрылымы мен әдістемесі, сондай-ақ оқу материалдарын дайындауда қолданылатын заманауи құралдар қарастырылады.

Семинарға Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Келгембаева Бақытжан Бекенқызы және биология ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының профессор-зерттеушісі Садықанова Гүлназ Есімбекқызы спикер ретінде қатысады.

Өткізілетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 2 қазан, сағат 15:00

 Өтетін орны: №5 ғимарат, AI CENTER AMANZHOLOV (Қазақстан көшесі, 55)

 Форматы: офлайн

 Мақсатты аудитория: университеттің барлық қызығушылық танытқан профессорлық-оқытушылық құрамы.

Профессорлық-оқытушылық құрамды семинарға белсенді қатысуға шақырамыз!