1 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ERASMUS+ ЖОБАЛАРЫНА ҚАТЫСУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің басшылығы мен өкілдері Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Қалабайқызы Палуановамен онлайн кездесу өткізді.

Кездесуде Amanzholov University-дің Erasmus+ халықаралық жобаларына қатысу мүмкіндіктері, бағдарламаның перспективалы бағыттары, сондай-ақ академиялық және білім беру салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер талқыланды.

Кездесуде  жобалық өтінімдерді дайындаудың негізгі кезеңдері, қатысушыларға қойылатын талаптар және құжаттарды тапсыру мерзімдері қарастырылды. Сонымен қатар өзекті жобалық бағыттарды таңдау және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру үшін шетелдік серіктестерді іздеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ жобалық идеяларды қалыптастыру және Erasmus+ басымдықтарына сәйкес өтінімдерді әзірлеуге қатысты практикалық мәселелер сөз болды. Кездесу барысында алынған ұсыныстар халықаралық бастамалар бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыруға және шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдармен өзара байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Онлайн кездесу Amanzholov University-дің халықаралық ынтымақтастығын дамыту бағытындағы жұмыстардың маңызды бөлігіне айналды. Кездесу қорытындысы бойынша жобалық бастамаларды дайындау және университеттің халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу аясын кеңейтуге бағытталған алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.