28 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ IT МАМАНЫМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар кафедрасы студенттерге арналған қонақ дәрісін ұйымдастырады.

«1С тәжірибеде: нақты шешімдер қалай жасалады?» тақырыбындағы дәрісті «1С Рейтинг» компаниясының әзірлеу тобының жетекшісі Аяулым Құрмановна Зейнодлинова өткізеді.

Кездесу барысында қатысушылар 1С платформасында нақты IT-шешімдердің қалай әзірленетінімен танысып, компания тәжірибесінен алынған кейстерді талдайды. Сондай-ақ әзірлеушілер тобының жұмыс бағыттары, студенттер мен IT саласына енді қадам басқан мамандарға арналған мүмкіндіктер туралы ақпарат алады.

Кездесу 2026 жылғы 2 қарашада сағат 15:50-де өтеді.

Өтетін орны: №7 оқу ғимараты, 218-аудитория, Шәкәрім даңғылы, 148.

Барлық қызығушылық танытқан студенттерді ашық кездесуге қатысуға шақырамыз!