30 қыркүйек 2026


АМАНЖОЛОВ UNIVERSITY-ДЕ КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

Ұстаздар күні мен Жоғары білім беру қызметкерлері күнін атап өту және «Оқитын ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында университетте «Qasymkitap» баспасының кітап жәрмеңкесі өтеді.

«Qasymkitap» баспасы қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы классикалық шығармаларын қазақ тілінде қолжетімді етіп, ана тіліміздің байлығын насихаттауға және ұлттық мәдени мұраны сақтауға бағытталған.

Жәрмеңке барысында келушілерді оқу, ғылыми және көркем әдебиеттің жаңа басылымдары, «Qasymkitap» баспасының таңдаулы кітаптары, кітаптарды тиімді бағамен сатып алу және кәсіби әрі тұлғалық дамуға арналған әдебиеттермен танысу мүмкіндігі күтеді.

Кітап – білім мен шабыттың, жаңа идеялар мен ізденістің қайнар көзі. Барша кітапсүйер қауымды жәрмеңкеге қатысып, университеттегі оқу мәдениетін дамытуға үлес қосуға шақырамыз!

Күні: 1 қазан

 Өтетін орны мен уақыты:

10:00–13:00 – 30-Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 1-оқу ғимараты;

14:00–16:00 – Қазақстан көшесі, 55, 5-оқу ғимараты.

Оқитын университет – зияткерлік ұлттың негізі!

Кітап оқыңыз, шабыт алыңыз, жаңа көкжиектерді кітаппен бірге ашыңыз!