10 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ МАРОККОДАН КЕЛГЕН СТУДЕНТ БІЛІМ АЛАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне «Study in Kazakhstan» бағдарламасы аясында Марокко Корольдігінен Саад Зеймар есімді студент келді.

Саад Зеймар «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша бірінші курсқа қабылданып, бакалавриаттың толық төрт жылдық оқу кезеңінен өтеді. Ол аталған бағдарлама аясында университетке келген алғашқы студенттердің бірі.

Шетелдік студенттердің білім алуы халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуға және Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Саад Зеймарға оқуда табыс, жаңа жетістіктер және студенттік өмірдің жарқын сәттерін тілейді!