22 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Республика күні қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіне қарасты Экология және география кафедрасында 6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті.

Іс-шараны қауымдастырылған профессор Гүлфат Калелова ұйымдастырды.

Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – студенттердің бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ел тарихы мен жетістіктеріне деген құрметті арттыру.

Кездесу барысында қатысушылар Республика күнінің тарихи маңызын, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерін және тәуелсіздікке жету жолын талқылады. Сондай-ақ еліміздің жетістіктеріне, азаматтық жауапкершілікке және мемлекет дамуындағы жас ұрпақтың рөліне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, отансүйгіштік сезімін нығайтуға және ұлттық құндылықтардың маңызын терең түсінуге ықпал етеді.