5 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ҚОРҒАУ АЙМАҒЫН НЕГІЗДЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТЕДІ

2026 жылғы 6 қарашада Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің Экология және география кафедрасында «Санитариялық-қорғау аймағын негіздеу» тақырыбында қонақ дәріс өтеді.

Дәрісті «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС Экологиялық жобалау және нормалау бөлімінің бастығы, жұмыс орындарын мониторингтеу және аттестаттау бөлімінің бас сарапшысы Айжан Асайыновна Серимбетова жүргізеді.

Дәріс кезінде санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің маңызы, оларды ғылыми және нормативтік тұрғыдан негіздеу, халық денсаулығын қорғау және қауіпсіз қоршаған ортаны қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Сондай-ақ тақырып БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен, атап айтқанда, 3-мақсат – «Денсаулық және әл-ауқат» және 11-мақсат – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» бағыттарымен сабақтастырылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 6 қараша

Уақыты: 10:00

Өтетін орны: 4-оқу ғимараты, 28-аудитория.