17 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ СОТ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдығына арналған «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» декаднигі аясында «Сот-психологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабағын Жанар Мұхтарбекқызы Омарова жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты – болашақ психологтарды сот-психологиялық сараптаманың ерекшеліктерімен таныстыру, сарапшы маманның кәсіби қызметі мен жауапкершілігін түсіндіру.

Сот-психологиялық сараптама – психологиялық білімді құқықтық маңызы бар мәселелерді шешу үшін қолданатын кәсіби қызметтің ерекше бағыты. Бұл сала маманнан психологияны терең меңгеруді ғана емес, арнайы зерттеу әдістерін білуді, процестік талаптарды сақтауды және ғылыми негізделген қорытынды жасай алуды талап етеді.

Шеберлік сабағы кезінде қатысушылар сот процесіндегі психологтың рөлі, сараптамалық қорытынды әзірлеудің талаптары, зерттеу жүргізудегі объективтілік пен дәлдіктің маңызы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар сарапшының кәсіби жауапкершілігі мен оның қорытындысының сот шешімдерін қабылдаудағы маңызына назар аударылды.

Мұндай кездесулер болашақ мамандарға психология саласының кең мүмкіндіктерін тануға, кәсіби қызметтің түрлі бағыттарымен танысуға және өздерінің болашақ мамандығына қатысты түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Өйткені психологтың қызметі тек кеңес берумен шектелмейді, ол құқық қорғау және сот жүйесінде де маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, шеберлік сабағы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдығына арналған «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» декаднигі аясында ұйымдастырылды.