23 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР СТУДЕНТТЕРГЕ МОРАЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТҮСІНДІРДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Түркияның Бурса университетінің профессоры Абдулкадир Чучен «Этикалық дилеммалар және мораль философиясы» тақырыбында дәріс оқыды.

Ғалым дәріс барысында моральдық таңдау, адамгершілік қағидаттары және адамның түрлі өмірлік жағдайларда кезігетін этикалық қайшылықтары туралы ой қозғады. Сонымен қатар жақсылық пен жамандық, жауапкершілік және моральдық ұстанымдар ұғымдарының философиялық мәніне тоқталды.

Аталған тақырып студенттердің дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың қабылдайтын шешімдері мен жасайтын әрекеттеріне саналы тұрғыдан қарауына, адамгершілік құндылықтарды терең түсінуіне мүмкіндік береді.

Шетелдік профессордың университеттің білім беру үдерісіне қатысуы академиялық алмасуды дамытуға, түрлі ғылыми көзқарастармен танысуға және халықаралық білім беру кеңістігін кеңейтуге жол ашады.

Мұндай академиялық кездесулер университеттің білім беру ортасын байытып, студенттердің халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуына және философиялық ой-өрісін дамытуына ықпал етеді.