19 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ XVII «ХИМИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП» ТУРНИРІ БАСТАУ АЛДЫ

Amanzholov University-де мектеп оқушыларының химия пәніне қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған дәстүрлі XVII «Химиялық калейдоскоп» турнирі бастау алды.

Қатысушыларды университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Жанетта Амангельдиновна Калимолдина мен химия кафедрасының меңгерушісі Назерке Рашидқызы Сағдоллина құттықтап, жас химиктерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар оқушыларды болашақта университет қабырғасында білім алуға шақырды.

Биылғы турнир «Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары» тақырыбына арналған. Зияткерлік сайыс бағдарламасына «Танысу», «Ой серпілісі», «Белсенді жанкүйер», «Химик-лириктер» кезеңдері, капитандар мен жас химиктер сайыстары, сондай-ақ теориялық және практикалық тапсырмалар енгізілген.

Турнирді ұйымдастыруға «Химия және наноматериалдар», «Химиялық криминалистикалық сараптама», «Химия және биология» білім беру бағдарламаларының екінші курс студенттері атсалысуда. Ал мектеп оқушылары университеттің заманауи химиялық зертханаларында тәжірибелік тапсырмаларды орындап, теориялық білімдерін іс жүзінде сынап көруде.

Сайыс аясында бірқатар қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Жеке және арнайы номинациялар:

«Үздік практик» – Ықылас Нұржанұлы мен Нұртас Оразаев;

«Үздік теоретик» – Нұрислам Сәтбек;

«Белсенді жанкүйер» – «DIAMONDS» командасы;

«Үздік химик-лириктер» – «DIAMONDS» командасы.

Аталған номинациялардың барлығында №3 Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары үздік нәтиже көрсетті.

Командалық сайыстың нәтижелері бойынша:

III орын:

«Quantum-48» – №48 қосымша білім беру мектебі-орталығы;

«Атом Х» – Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты.

II орын:* «Катализатор» – Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей;

«DIAMONDS» – №3 Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі.

I орын:

«Жас химиктер» – Зәки Ахметов атындағы №16 мектеп.