27 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖИНАҚ БОЛЫП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасы аясында «Туған жер – алтын тұғырым» атты жастар шығармашылығын дамытуға арналған жинақ жарық көрді.

Жинаққа Зайсан, Тарбағатай және Ұлан аудандары мектеп оқушыларының өлеңдері мен ойтолғаулары енгізілген. Жас авторлардың шығармаларынан туған жерге деген сүйіспеншілік, ел мен жерге құрмет, қоршаған ортаға деген ықылас және азаматтық көзқарас көрініс табады.

Бұл жинақ – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдауға, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға және олардың алғашқы туындыларын оқырманға ұсынуға бағытталған маңызды бастама. Сонымен қатар оқушылардың шығармаларын бір басылымға топтастыру олардың өз ойын көркем жеткізуіне, әдеби ізденіске қадам басуына мүмкіндік береді.

«Туған жер – алтын тұғырым» жинағы жас қаламгерлердің шығармашылық жолына серпін беріп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға, ой қорытуға және туған өлкесінің рухани құндылықтарын бағалауға деген ынтасын арттыруға үлес қосады.