23 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕН «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ БЕС ҮМІТКЕР ҰСЫНЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» республикалық конкурсының университетішілік іріктеу кезеңі аяқталды. Нәтижесінде республикалық байқаудың екінші кезеңіне қатысуға бес оқытушы ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен кестеге сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінімдер 6–18 қараша аралығында қабылданды. Ұсынылған материалдарды сараптамалық бағалау 18 қарашада аяқталды. Ал университетішілік кезеңнің қорытындысы 23 қарашада шығарылды.

Биылғы іріктеуге университеттің 13 оқытушысы қатысты. Оның ішінде 11 үміткердің еңбек өтілі 15 жылдан асса, екеуінікі 15 жылға дейінгі санатқа жатады. Конкурстық комиссия үміткерлердің кәсіби жетістіктері мен ұсынылған материалдарын белгіленген талаптарға сәйкес бағалады.

Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша республикалық конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылған бес үміткер анықталды. Олардың қатарында:

Еңбек өтілі 15 жылға дейінгі санат бойынша:

Маулет Меруерт;

Батталова Айнур Кумарбековна.

Еңбек өтілі 15 жылдан асатын санат бойынша:

Жаксылыкова Жадра Рахметовна;

Баяндинова Мөлдір Болеухановна;

Келгембаева Бакытжан Бекеновна.

Бес үміткердің ұсынылуы университетке бөлінген квотаға толық сәйкес келеді. Енді олар республикалық конкурстың келесі кезеңінде университет намысын қорғайды.

Amanzholov University ұжымы әріптестерін іріктеуден сәтті өтуімен құттықтап, республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектестік білдіреді!