6 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY КОМАНДАСЫ — ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ

Өскемен қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында волейболдан жарыс өтті.

Жарысқа спорттық дайындығы жоғары, командалық рухы мен жеңіске деген жігерін танытқан 11 команда қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Amanzholov University командасы 1-орынға ие болып, сенімді, ұйымшыл әрі нәтижелі ойын көрсетті.

Лайықты жеңіс — спортшылардың тынымсыз жаттығуларының, командалық жұмысының және жоғары нәтижеге ұмтылысының жемісі. Студенттер университет намысын абыроймен қорғап, спорттық дайындықтарының жоғары деңгейін кезекті рет дәлелдеді.

Amanzholov University командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алда жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

Amanzholov University — жаңа жеңістерге бірге!