14 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY «My PRO» ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДЫҚТАР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «My PRO» облыстық мамандықтар фестиваліне қатысып, мектеп оқушылары мен жастарға білім беру бағдарламалары мен кәсіби мүмкіндіктерін таныстырды.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын фестиваль жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, 8–11-сынып оқушылары мен NEET санатындағы жастарға кәсіби бағдар беруге бағытталған.

Іс-шарада университет өкілдері химиялық тәжірибелер мен физикалық эксперименттер көрсетіп, криминалистикалық орталықтың жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ университеттің робот-иті қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Университеттің кәсіби бағдар берушілері білім беру бағдарламалары мен мамандықтар туралы ақпарат ұсынып, жастарды оқу орнына түсу мүмкіндіктерімен таныстырды. Қатысушыларға университеттің тыныс-тіршілігі мен білім беру әлеуеті туралы презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді.

Фестиваль жастардың кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ мамандығын саналы таңдауға және жоғары оқу орындары туралы ақпарат алуына мүмкіндік берді.