12 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ ҚОҚАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОСАРЛАНҒАН ДӘРІСТЕР ӨТКІЗУДЕ

«Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры Гаян Нұрахметқызы Губайдуллина Қоқан университетінің Педагогика және психология кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп, студенттерге қосарланған дәрістер өткізіп жатыр.

Сабақтар оқытушылар мен білім алушылардың белсенді өзара әрекеттесуіне негізделген аралас форматта ұйымдастырылған. Оқу үдерісінде топтық жұмыс, диалогтік оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қамтитын заманауи педагогикалық әдістер қолданылады.

Бұл әдістер оқу материалын тереңірек меңгеруге, студенттердің аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ рефлексия дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Екі университет оқытушыларының бірлескен жұмысы кәсіби тәжірибе алмасуға және білім алушыларды оқу үдерісін ұйымдастырудың түрлі тәсілдерімен таныстыруға мүмкіндік береді.

«Психология» және «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламаларының студенттері Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Қоқан университеті арасындағы академиялық алмасуға үлкен қызығушылық танытты. Мұндай бастамалар академиялық байланыстарды кеңейтуге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға жол ашады.

«Орхун» бағдарламасын жүзеге асыру университеттер арасындағы кәсіби байланысты дамытуға, озық білім беру тәжірибелерімен алмасуға және оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.