26 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПРАКТИКУМ ӨТКІЗДІ

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-зерттеу экобиоорталығында «Ғылыми жобалау мектебі» аясында флористикалық және геоботаникалық зерттеулерді ұйымдастыруға арналған практикум өтті. Ғылыми-танымдық сабақ мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және биология саласындағы білімдерін тереңдетуге бағытталды.

Практикумды биология ғылымдарының кандидаты, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры Анатолий Павлович Цыганов жүргізді.

Іс-шараға № 3, 36 және 50 мектептердің оқушылары мен педагогтері қатысты. Қатысушылар флористикалық және геоботаникалық зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерімен танысып, өсімдіктер дүниесін зерттеу мен табиғи өсімдік жамылғысын зерделеудің ғылыми тәсілдері туралы мағлұмат алды.

Сонымен қатар жас зерттеушілер ғылыми жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын ғылыми-әдістемелік ұсыныстар алды. Практикум оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға және биология ғылымына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.