2 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY «STEM ОҚЫТУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ОРТАСЫ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген «STEM оқытудың цифрлық ортасы» атты ақылы біліктілікті арттыру курсына қабылдау жариялайды.

Курс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, STEM білім беру бағытында цифрлық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын дамытуға арналған.

Курс туралы ақпарат:

Ұзақтығы – 72 академиялық сағат;

 Басталу күні – 2026 жылғы 16 қараша;

 Оқыту форматы – «Ұстаз» платформасы арқылы;

 Курсты аяқтағаны туралы сертификат аттестаттау кезінде есепке алынады.

Өтінім беру тәртібі

Курсқа қатысу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне WhatsApp арқылы хабарласып, өтінім формасын толтыру қажет.

 Байланыс телефондары:

+7 705 509 21 11

+7 777 169 60 19

Электрондық пошта: resurscentrvkn@mail.ru

Өтінімде көрсетілуі тиіс мәліметтер:

  1. Аты-жөні (толық) және ЖСН;
  2. Мектептің немесе колледждің атауы;
  3. Байланыс деректері (ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта);
  4. Курстың атауы.

Педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған бұл курс заманауи білім беру технологияларын меңгеруге және тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Сіздің дамуыңыз – біздің қолдауымыз!