30 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ – «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ»

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті Муздапарова Асель Аманжолқызы «Қазақстан Республикасының үздік студенті» атты республикалық байқауға қатысып, «Үздік студент» атанды.

Байқау талаптарына сәйкес, қатысушылар университет қабырғасындағы қоғамдық белсенділігін, ғылыми-зерттеу және шығармашылық бағыттағы жұмыстарын, сондай-ақ 1–4 курс аралығында қол жеткізген жетістіктерін таныстырып, эссе жазды.

Асель Аманжолқызы оқу жылдары ішінде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, экологиялық бағыттағы түрлі жобалар мен іс-шараларға атсалысып келеді. Сонымен қатар студенттік бастамаларды жүзеге асыруға өз үлесін қосып, университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуда.

Студенттің бұл жетістігі – оның ізденісі, еңбегі мен қоғамдық белсенділігінің нәтижесі.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Асель Муздапарованы жетістігімен құттықтап, алдағы оқуында және кәсіби жолында жаңа белестер мен толағай табыстар тілейді!