13 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ – «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Экология» білім беру бағдарламасының студенті Әсел Муздапарова «Үздік студент – 2026» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Bilim Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауға еліміздің әр өңірінен үміткерлер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 6В05202 – «Экология» білім беру бағдарламасының студенті Әсел Аманжолқызы Муздапарова жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен, арнайы төсбелгімен, куәлікпен және естелік кубокпен марапатталды.

Бұл жетістік – студенттің білімге деген ұмтылысы, табандылығы, қоғамдық белсенділігі мен экология саласындағы кәсіби дамуға деген қызығушылығының нәтижесі.

Сонымен қатар студенттің ғылыми және кәсіби қалыптасуына қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген жетекшісі Жанат Қадырбекқызы Жазнаеваға ерекше алғыс білдіреміз.

Университеттің Экология және география кафедрасының ұжымы Әселді лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіреді!