30 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ

Тараз қаласында Бақытжан Ташметовті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Дүбірлі додаға Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Чехия елдерінен 650-ден астам спортшы қатысты.

Халықаралық деңгейдегі жарыста Шығыс Қазақстан облысының спортшылары да бақ сынап, жүлделі нәтижелерге қол жеткізді. ШҚО СДЮСШОР командасының қоржынында екі медаль бар.

Сол жүлделердің бірін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 1-курс студенті Базарқатов Ералы иеленді. Ол +90 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жарыстың І орын жүлдесін жеңіп алды.

Жас спортшының халықаралық аренадағы бұл жеңісі – Аманжолов университеті студенттерінің білім мен ғылымда ғана емес, спорт саласында да биіктен көрініп жүргенінің жарқын дәлелі.

Ералыны жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік серік болып, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

Аманжолов университетінің спорттағы жеңісті жолы жалғаса берсін!