19 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: СТУДЕНТТЕР КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Киберқауіпсіздік мәдениеті және қазіргі жағдай» тақырыбында студенттерге арналған дәріс ұйымдастырылды.

Дәріске «Ақпараттық технологиялар» және «Физика-Информатика» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Кездесу кезінде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі жағдаяттарды талқылады және оларды шешу жолдарын ұсынды.

Дәріс барысында кибералаяқтықтың негізгі белгілері, одан сақтану тәсілдері және цифрлық ортадағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар жеке деректерді қорғау, ақпараттың шынайылығын тексеру және интернетті қауіпсіз пайдалану дағдыларына назар аударылды.

Осындай кездесулер студенттердің цифрлық сауаттылығын арттырып, ақпараттық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.