26 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: СТУДЕНТТЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттердің психологиялық саулығын нығайтуға, эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға және өзін-өзі тану дағдыларын дамытуға бағытталған жеке консультациялық жұмыстар жүргізілуде.

Кезекті жеке кездесуде студентпен метафоралық ассоциативті карталар (МАК) арқылы «Менің өзіндік бағалауым» және «Қазіргі мен» тақырыптарында психологиялық жұмыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тұлғаның ішкі ерекшеліктері мен эмоционалдық жай-күйін зерттеуге бағытталған «Өмірде жоқ жануар» проективті әдістемесі қолданылды.

Бұл – студентпен өткізілген екінші жеке кездесу. Әңгімелесу барысында оның қазіргі психологиялық жағдайы, эмоционалдық көңіл күйі және алдыңғы кездесуден кейінгі өзгерістері талқыланды. Студент өз жағдайының жақсарғанын және өзін жақсы сезінетінін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша студенттің эмоционалдық жағдайында оң өзгерістер байқалды. Қажеттілікке қарай психологиялық қолдау жұмыстары әрі қарай жалғасын табады.

Университетте студенттердің психологиялық саулығын сақтау, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және әрбір білім алушыға қажетті қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беріледі.