22 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ САЛАСЫ БОЙЫНША МИКРОБІЛІКТІЛІК АЛДЫ

Академиялық кеңес отырысы аясында 6В04202 «Сот және прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Экономикалық қылмыстарды тергеу жөніндегі ассистент» микробіліктілігін беру туралы куәліктер салтанатты түрде табысталды.

Студенттер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тапсырысы бойынша әзірленген «Экономикалық қылмыстарды тергеу әдістемесі» бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтады.

Бағдарлама білім алушылардың кәсіби білімін тереңдетуге және экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеу саласындағы практикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Алынған білім мен дағдылар болашақ мамандарға құқық қорғау қызметіндегі кәсіби міндеттерді шешуге жақсы дайындалуға мүмкіндік береді.

Микробіліктіліктің берілуі студенттердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды қадам болып саналады. Бұл олардың біліктілік мүмкіндіктерін кеңейтіп, оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын арттыруға ықпал етеді.

Amanzholov University тәжірибеге бағдарланған білім беруді дамытып, бейінді мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. Бұл құқық қорғау саласында сұранысқа ие білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.