19 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: СТУДЕНТТЕРІ ГЕОУРБАНИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Экология және география кафедрасының сениор-лекторы Салықбаева Ғалия Манаповна 6В05201 – «География» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Халықтың қоныстану теориясы және геоурбанистика» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа кафедра оқытушылары мен оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Рустемова Н.Қ. қатысты.

Сабақ аясында студенттер case study әдісін қолдана отырып, Астана, Токио және Копенгаген қалаларына жобалық геоурбанистикалық талдау жасады. Google Earth және OpenStreetMap платформаларының көмегімен қалалардың географиялық орналасуын, кеңістіктік құрылымын, көлік жүйесін, функционалдық аймақтарын және даму бағыттарын зерттеді.

Сабақта жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі сыни тұрғыдан пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылды. Студенттер өз зерттеу нәтижелерін ChatGPT ұсынған талдаумен салыстырып, ықтимал дәлсіздіктерді анықтады. Жекелеген тұжырымдарды сенімді дереккөздер арқылы тексеріп, ақпараттың дұрыстығына көз жеткізді.

Топтық жұмыстың қорытындысы картографиялық сызбалар, салыстырмалы кестелер мен презентациялар түрінде ұсынылып, студенттер өз тұжырымдарын ғылыми негізде дәлелдеді.

Ашық сабақ студенттердің зерттеушілік, картографиялық және цифрлық құзыреттерін дамытуға, сыни ойлау қабілетін жетілдіруге, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін арттыруға мүмкіндік берді.