2 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жоғары білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Қайнар Жексембаев қатысты.

Кездесу барысында жоғары оқу орындарындағы комплаенс-қызметтердің жұмысын жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару және академиялық адалдықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ашықтық пен жариялылық қағидаттарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында комплаенс-қызметтердің жұмысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, кадр саясаты саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мәселелері де қарастырылды. Қатысушылар өзара кәсіби тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынып, жоғары білім мен ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты одан әрі жетілдіру перспективаларын талқылады.

Мұндай кәсіби кездесулер жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тиімді тәжірибелермен алмасуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар академиялық ортада адалдық, жауапкершілік пен ашықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.