18 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОБАСЫ: ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КЕШЕН АСТАНАДА ОРНАТЫЛУДА

DP21682148 «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау құзыреттілік орталығы» коммерцияландыру жобасының жетекшісі Досым Ерболатұлы Астана қаласында жұмыс сапарымен жүр.

Жоба аясында ол елордадағы Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-де арнайы дефектолог үстелін монтаждау, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және қызмет көрсететін мамандарды оқыту жұмыстарын жүргізуде.

Аталған диагностикалық-түзету және оқыту кешені – жоба командасының бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі. Бүгінде бұл кешен Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларына да орнатылып, мамандардың күнделікті тәжірибесінде қолданылуда.

Жобаның өңірлерде және елордада енгізілуі университет ғалымдарының ғылыми әзірлемелерін тәжірибеге енгізуге, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін дамытуға бағытталған.