22 қазан 2026


AMERICAN CORNER & MAKERSPACE OSKEMEN-ДЕ ҒАРЫШҚА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҚ КҮН ӨТЕДІ

2026 жылғы 24 қазанда American Corner & Makerspace Oskemen Amanzholov University білім алушылары мен ғарышқа қызығушылық танытатын барша азаматтарды Space Day тақырыптық іс-шарасына қатысуға шақырады.

Бағдарлама аясында ғаламның құрылысына, ғарыштық инженерияға, АҚШ-тың ғарыштық зерттеулеріне және заманауи технологияларға арналған төрт танымдық кездесу ұйымдастырылады.

Іс-шара бағдарламасы:

10:00 – Space Camp

Қатысушылар марсоход моделін құрастырып, оның жұмыс істеу қағидаларымен танысады және ғарыштық инженерия туралы білімдерін кеңейтеді.

12:00 – Астрономия клубы

Кездесу ғаламшарлар, жұлдыздар мен алыс галактикалар тақырыбына арналады. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды талқылап, Ғалам туралы танымдарын тереңдете алады.

14:00 – America 250: American Space Exploration

АҚШ-тан келген Дэниел NASA қызметі мен америкалық ғарыш зерттеулерінің тарихы туралы ағылшын тілінде дәріс оқиды. Кездесуге ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қарамастан, барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

15:00 – Tech News

Қатысушылар ғарыш саласындағы өзекті жаңалықтарды, ғылыми жетістіктер мен АҚШ-тағы жаңа технологиялық әзірлемелерді талқылайды.

Өтетін күні: 2026 жылғы 24 қазан

Өтетін орны: А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, American Corner & Makerspace Oskemen

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102.

Іс-шараға университет білім алушылары мен ғарышқа, ғылымға, инженерияға және заманауи технологияларға қызығушылық танытатын барлық азамат шақырылады.