11 қараша 2026


БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР: AMANZHOLOV UNIVERSITY МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КӘСІПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіне қарасты Экология және география кафедрасының профессоры Күлзипа Жүсіповна Дакиева мен сениор-лектор Калелова Гульфат Жанболатовна Өскемен қаласындағы №35 орта мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесу кезінде оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқу мүмкіндіктері және болашақ кәсіби бағытты таңдау мәселелері туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, 6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары, оқу ерекшеліктері, қалыптастыратын кәсіби құзыреттері мен болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Сонымен қатар мамандықтың қазіргі еңбек нарығындағы өзектілігіне тоқталып, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Кездесудің басты мақсаты – мектеп оқушыларына болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектесу, кәсіби қызығушылығын арттыру және жоғары білім алуға ынталандыру.