11 қараша 2026


БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАР ТЕРГЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДЫҚПЕН ТАНЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдығына арналған «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» онкүндігі аясында «Тергеу басқармасындағы психолог» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Кәсіби кездесуді Евгения Нұрахметова жүргізді. Іс-шара студенттерді психолог мамандығының ерекше бағыттарының бірі – тергеу органдары жүйесіндегі кәсіби қызметпен таныстыруға арналды.

Кездесу барысында тергеу саласындағы психологтың негізгі міндеттері, жұмыс ерекшеліктері мен маманға қойылатын кәсіби талаптар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар құқық қорғау жүйесіндегі психологиялық қызметтің маңызы және бұл бағытта жұмыс істейтін маманның кәсіби даярлығы жөнінде түсінік қалыптастыруға назар аударылды.

Шеберлік сағаты студенттердің психология саласындағы кәсіби мүмкіндіктер туралы білімін кеңейтіп, болашақ маман ретінде өз бағыттарын айқындауға ықпал етті. Тергеу органдарындағы психолог қызметімен танысу арқылы білім алушылар психологиялық білімнің құқық қорғау саласында да маңызды рөл атқаратынын түсінді.

Мұндай кездесулердің басты ерекшелігі – студенттерді кәсіби қызметтің нақты бағыттарымен таныстырып, теориялық білімнің практикалық қолданысын көрсету. Бұл болашақ психологтардың мамандыққа деген көзқарасын қалыптастырып, кәсіби таңдауына бағыт-бағдар береді.

Университетте ұйымдастырылып жатқан «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» онкүндігі психология саласындағы кәсіби тәжірибені зерделеуге, мамандармен байланыс орнатуға және студенттердің практикалық даярлығын жетілдіруге бағытталған.