Экономика, Менеджмент және Қаржы кафедрасы

Конуспаев Руслан Курмангажиевич
Экономика, Менеджмент және Қаржы кафедрасы · Бизнес және құқық жоғары мектебі
Кафедра тарихы
Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасы 2021 жылы «Экономика және басқару» және «Қаржы және есеп» кафедраларының біріктірілуі нәтижесінде ашылды. Ал экономикалық бағыттағы кафедралардың тарихы біздің білім беру мекемесінің ашылуымен бірге басталады. 1952 жылы Өскемен педагогикалық институтында марксизм – ленинизм кафедрасы ашылып, 1962 жылы маркстік-лениндік философия және саяси экономика кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра ашылғаннан бері З.И.Смагулов, А.А.Осьмаков, А.И. Петрова, Т.А.Болгауов сынды ғалымдар басқарды. Кейіннен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ құрылғаннан бері кафедра көптеген құрылымдық өзгерістерден өтіп, бірнеше кафедраларға бөлініп, кейіннен қайта біріктірілді, әр жылдары кафедраны А.И.Мулюкова, У.С. Алимбетов, А.А.Кайгородцев, Г.К. Койшинова және т.б. көптеген ғалымдар басқарды.
Кафедра барлық оқу пәндері мен тәжірибелері бойынша материалдық-техникалық, зертханалық базамен, оқулықтармен және оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Мамандандырылған компьютерлік сыныптар магистранттар мен студенттердің сапалы білім алуына, отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде қолданылатын қазіргі заманғы құралдардың, жабдықтардың, аудиториялардың, компьютерлік паркінің болуы, олардың қол жетімділігі мен жарамдылығы кафедра студенттері мен магистранттарына оқу үрдісінде белсенді әдістер мен бағдарламалық өнімдерді қолдануға мүмкіндік береді.
ОПҚ мен студенттердің марапаттары мен жетістіктері
Тәрбиелік және әлеуметтік қызмет
-
Жыл бойыФакультет, университет, қала және республика деңгейіндегі қоғамдық іс-шаралар мен байқауларға жүлделі орындармен қатысу.
-
Алдын алуСалауатты өмір салты, діни экстремизмнің зияны және коррупцияға қарсы іс-қимыл туралы сұхбаттар мен кураторлық сағаттар.
Ғылыми бағыттар мен орталықтар
Академиялық ұтқырлық және тәжірибе алмасу
Оқу-әдістемелік қызмет (ОӘЖ, ҒӘЖ, ЖӘЖ)
- Оқу үдерісін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету
- Оқу-әдістемелік құралдар шығару
- ОПҚ біліктілігін арттыру
- Студенттердің өздік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру
- Сабақтарға өзара қатысу және ашық сабақтар өткізу
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы
Экономика, Менеджмент және Қаржы кафедрасы, Бизнес және құқық жоғары мектебі · Портфолионы көру үшін суретті басыңыз

Апышева Асель Ануарбековна
к.э.н., профессор

Мамырбекова Динара Самархановна
зам./декана по УМР, сениор-лектор











