13 қараша 2026


ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдығына арналған «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» онкүндігі аясында «Ішкі істер органдарындағы психологиялық қызмет» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабағын полиция капитаны Жанна Телеуханқызы Мырзағалиева жүргізді.

Кездесу барысында ішкі істер органдарындағы психолог маманның қызметі, оның негізгі міндеттері және қызметтік ортада психологиялық қолдау көрсетудің маңызы туралы айтылды. Спикер құқық қорғау саласындағы психологиялық қызметтің ерекшеліктеріне тоқталды.

Іс-шара білім алушыларға ішкі істер органдарындағы психолог жұмысының қыр-сырын танып, болашақ кәсібіне қатысты түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға жол ашты.