8 шілде 2026


IT ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде IT және жаратылыстану жоғары мектебінің түлектеріне салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.

Бұл – көп жылғы еңбектің, табандылық пен ізденістің нәтижесін айшықтайтын маңызды әрі айтулы күн. Салтанатты шара барысында түлектерге жоғары білім туралы дипломдар табысталып, үздік жетістіктерімен ерекшеленген жастарға арнайы марапаттар және скери кафедра түлектеріне шендері берілді.

Іс-шарада университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен құрметті қонақтар жас мамандарды жаңа өмір белесімен құттықтап, кәсіби қызметтеріне табыс, биік белестер мен жарқын жетістіктер тіледі.