Экология және география кафедрасы
№ 4 оқу корпусы, ауд. 6, 8
Өскемен қ., Қалихан-Ысқақ к-сі, 2а
+7 7232 78 28 52
Жаратылыстану факультетінің құрамында 1962 жылы «География» атты жаңа бөлім ашылды. 2001 жылдың сәуір айында «География және экология» кафедрасы «Экология және география» кафедрасы болып қайта аталды.
1968 жылы бірыңғай география кафедрасы физикалық география және экономикалық география кафедраларына бөлінді. Физикалық география кафедрасын Попов Валентин Егорович, ал экономикалық география кафедрасын Хухарева Серафима Николаевна басқарды.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен (2012 жылғы 31 тамыздағы №1 хаттама) география кафедрасы экология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасымен біріктіріліп, «Экология және география» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к. Сейткан Айнур Сейткановна тағайындалды, 2016–2018 жылдары — т.ғ.к., доцент Идришева Жанат Кабылбековна, 2018–2021 жылдары — б.ғ.д., профессор Дакиева Кульзипа Жусуповна, 2021–2025 жылдары — PhD докторы, қауымдастырылған профессор Женсикбаева Назгуль Жаныбековна қызмет атқарды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі — Айткожина Салтанат Кайратовна.
2008 жылы 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» жаңа мамандығы ашылды. 2023 жылы «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» атты жаңа инновациялық білім беру бағдарламасы іске қосылды.
Кафедра оқытушылары ғылыми және әдістемелік зерттеулер жүргізіп, студенттерге арналған оқу және оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуде.
2023 жылы кафедра Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі (НААР) тарапынан аккредитациядан сәтті өтті.
2024 жылғы НААР аккредитациясының қорытындылары.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының сұранысқа ие білім беру бағдарламаларының тәуелсіз рейтингі нәтижелері бойынша университет бірқатар білім беру бағдарламалары бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Жалпы университет бойынша: 1-орын – 2 білім беру бағдарламасы, 2-орын – 16 БББ, 3-орын – 26 БББ.
Экология және география кафедрасына қатысты бағыттар бойынша нәтижелер:
Бакалавриат:
2-орын – 6В01506 «География»
2-орын – 6В01510 «География-Тарих»
Магистратура:
1-орын – 7M11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
2-орын – 7М05202 «Экология»
3-орын – 7M01506 «География»
Докторантура:
2-орын – 8D01506 «География»
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының профессор-оқытушылар құрамының жалпы рейтингінде профессор Бауыржан Рахадилов 50 қатысушының ішінде 25-орынды иеленді. Бұл университеттің ғылыми әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.
НААР аккредитациясының нәтижелері (2024 ж.).
Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі (НААР) жүргізген халықаралық бағдарламалық аккредитация аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мамандар даярлау сапасының жоғары деңгейін растады. Аккредитация бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлеріндегі 40 білім беру бағдарламасын қамтыды. Олардың қатарында кафедраның негізгі бағдарламалары бар: 6В05202 «Экология», 7М05202 «Экология», 6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 7М05203 «Экология», 6В01517 «География (IP)».
Аккредитациядан сәтті өту білім беру бағдарламаларының халықаралық академиялық стандарттарға және еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін дәлелдейді, сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің дамуын көрсетеді. Бұл университеттің беделін арттыруға және түлектер даярлау сапасын ұлттық әрі халықаралық деңгейде мойындауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» жүргізген білім беру бағдарламалары рейтингі нәтижелері бойынша 6В05201 «География» білім беру бағдарламасы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті бойынша ТОП-3 үздік білім беру бағдарламалары қатарына енді. Бұл нәтиже мамандар даярлау сапасының жоғары деңгейін, түлектердің еңбек нарығындағы сұранысын және білім беру бағдарламасының заманауи талаптарға сәйкестігін көрсетеді.
Айткожина Салтанат Кайратовна
Экология және география кафедрасының меңгерушісі
Айткожина Салтанат Кайратовна
Экология және география кафедрасының меңгерушісі
Женсикбаева Назгуль Жаныбековна, 21.09.1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Алексеевка ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Күршім ауданының Қалжыр орта мектебін бітіріп, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде "География" мамандығы бойынша оқыды.
2007 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "География" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірді.
2009 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын "6N0609 – География" мамандығы бойынша үздік бітіріп, "география магистрі" дәрежесін алды.
2015-2018 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінде мақсатты бағытта 6D060900 - "География" мамандығы бойынша бойынша докторантурада оқыды.
2018 жылғы 12 қазанда "Оңтүстік Алтайдың аумақтық-рекреациялық әлеуеті және оны игеру жолдары" тақырыбында докторлық диссертация қорғады және сол жылдың 14 желтоқсанында №1990 бұйрығымен ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 6D060900- "География" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі - 16 жыл, ШҚУ-да-14 жыл. Еңбек жолын 2007 жылы Өскемен қаласының Шәкәрім Құдайбердиев атындағы № 1 қазақ орта мектебінде география пәнінің мұғалімі ретінде болып бастаған.
2019-2020 оқу жылында 21 студент пен 8 магистрант халықаралық және республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
Соңғы 5 жылдағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері 70 астам жұмыстарда Қазақстанда, жақын және алыс шет елдерде ұйымдастырылған түрлі ғылыми басылымдарда, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жарияланған.
2022 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің 70 жылдығына орай студенттер Н.Ж. Женсикбаеваның жетекшілігімен ғылыми START UP жобасында жүлделі 2 орын алды.
Сонымен қатар, Хирша индексі 4, нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда 6 мақала, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 15 мақала және халықаралық конференцияларда (Мәскеу, Томск, Барнаул) 20 баяндама, 1 монография жарық көрді.
2016 жылы халықаралық дәрежеде өткен "Азия өңірлеріндегі жас ғалымдардың географиялық зерттеулері" бүкілресейлік жастар конференциясында III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Экология және география кафедрасының білім беру бағдарламалары
Бағдарламаны таңдап, толық ақпаратты ашыңыз
Экология және география кафедрасы белсенді ғылыми, білім беру және қоғамдық қызмет атқарып келеді. Кафедраның маңызды жетістіктерінің бірі – 6В05202 – «Экология» білім беру бағдарламасының студенттері қатысатын «Жасыл толқын» экологиялық клубының жұмысы. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер өзекті экологиялық мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысып, экологиялық волонтерлікке, акцияларға, ғылыми іс-шараларға және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысады.
2026 жылы 4 курс студенттері Магинова А., Аширбекова А. және Лесбек Б. Астана қаласында өткен «ТМД-ның үздік жас ғалымы» халықаралық жобалар байқауының жеңімпаздары атанып, І орын иеленді. Бұл жеңіс кафедра білім алушыларының ғылыми-жобалық қызметке белсенді қатысуын, зерттеушілік әлеуетін, бастамашылдығын және өз жұмыстарының нәтижелерін халықаралық деңгейде ұсына алу қабілетін дәлелдейді. Мұндай жетістіктер кафедраның білім беру бағдарламаларының имиджін арттырып, университеттің студенттік ғылым саласындағы позициясын нығайтады.
Кафедраның жетістіктеріне жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды табысты даярлауды да жатқызуға болады. 2025 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің докторанты Құмарбекұлы Санат 8D0150 – «География» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 8D015 – «Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау» және 8D052 – «Қоршаған орта» бағыттары бойынша диссертациясын сәтті қорғады. Диссертациялық зерттеу тақырыбы: «География сабақтарында оқушылардың сыни ойлауын дамытудағы жүйелі-әрекеттік тәсіл». Бұл жетістік ғылыми жетекшіліктің жоғары деңгейін, жүргізіліп жатқан зерттеулердің өзектілігін және кафедраның географиялық білім беруді дамыту мен білікті ғылыми кадрларды даярлауға қосқан маңызды үлесін көрсетеді.
Экология және география кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Женсикбаева Н.Ж. 2025–2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға ие болды. Ғылыми жобаның тақырыбы: «Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту үшін ГИС-технологияларды пайдалана отырып, табиғи және тарихи-мәдени нысандардың экожүйелерін сақтау жолдары». Аталған жетістік кафедраның профессор-оқытушылар құрамының жоғары ғылыми әлеуетін, жүргізіліп жатқан зерттеулердің өзектілігін және олардың өңір үшін практикалық маңыздылығын көрсетеді.
Жоба Шығыс Қазақстан облысының табиғи және тарихи-мәдени мұрасын сақтауға, экологиялық зерттеулерде заманауи ГИС-технологияларды қолдануға, сондай-ақ тұрақты туризмді дамытуға бағытталған. Бұл гранттық жобаны іске асыру кафедраның ғылыми-зерттеу қызметін нығайтуға, жарияланымдық белсенділікті арттыруға және жас ғалымдар мен білім алушыларды өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге тартуға ықпал етеді.
2025 жылы «Жасыл толқын» экологиялық үйірмесі «Ғылым айлығы» аясында студенттердің ғылыми жұмыстарын белсенді ұйымдастырғаны үшін «Үздік студенттік үйірме» байқауында ІІ орын иеленді. Үйірме жетекшілері – Жазнаева Жанат Кадырбековна, Орсаринова Әсем Оралдиновна және Дәукенова Бибигуль Серікқызы. Үйірме төрағасы – 6В05202 – «Экология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Мавлютова Толқын.
Кафедра экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған экологиялық акциялар мен іс-шараларға да белсенді қатысады. 2025 жылғы 24 қазанда «Жасыл толқын» экологиялық клубының студенттері Республика күніне орай ұйымдастырылған «Байтақпен жасыл аула» экологиялық акциясына қатысты. Акция барысында студенттер қала тұрғындарымен бірге ағаштар мен бұталар отырғызып, аумақты абаттандырды және экологиялық мәдениеттің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша экология және география кафедрасы белсенді экологиялық ұстанымы мен туған өлке табиғатын сақтауға қосқан үлесі үшін «Байтақ» партиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Кафедраның маңызды жетістіктерінің бірі – профессор-оқытушылар құрамының ғылыми нәтижелерінің мойындалуы. Экология және география кафедрасының меңгерушісі Женсикбаева Назгүл Жаныбековна 2024 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Үздік зерттеуші» номинациясының жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» арнайы төсбелгісімен марапатталды. Бұл оның ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесін, белсенді зерттеушілік қызметін және Scopus пен Web of Science халықаралық дерекқорларындағы жоғары жарияланымдық белсенділігін растайды.
Кафедра студенттері халықаралық және республикалық байқауларда да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2024 жылы 6В05202 – «Экология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Ерғалиев Дамир Астана қаласында өткен «BEST YOUNG RESEARCHER AWARD» халықаралық байқауының жеңімпазы атанып, құрмет грамотасымен, статуэткамен және арнайы медальмен марапатталды. Оның ғылыми мақаласы «Наука и образование: Новое время» халықаралық ғылыми журналында жарияланды.
Сонымен қатар, кафедра студенттері пәндік олимпиадаларда табысты өнер көрсетуде. 2025 жылы 6В11210 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттері Абдешов Жүрсін мен Ержанова Жанзада Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен «Тіршілік қауіпсіздігі» пәні бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты. 14 техникалық жоғары оқу орнының командалары арасында С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері ІІ орын иеленді.
Сондай-ақ, кафедрада білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетекші шетелдік және қазақстандық білім беру ұйымдарының ұқсас білім беру бағдарламаларымен үйлестіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Алтай мемлекеттік университеті» жоғары білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі арасында онлайн-курстарды пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын желілік нысанда іске асыру туралы 2022 жылғы 11 сәуірдегі №69 келісімшарт жасалды. Осы келісім аясында 2022 жылғы 20 қыркүйекте ҚОҚжӨТҚ білім беру бағдарламасының магистранттары үшін «Өлшеудің автоматты құралдары және деректерді талдау әдістері» онлайн-курсы өткізілді, сондай-ақ «ГИС-технологияларды пайдалана отырып қоршаған ортаны мониторингілеу» университеттік курсы қайта есептелді. Алдағы уақытта шетелдік және қазақстандық білім беру ұйымдарын кеңінен қамту жоспарлануда.
2021 жылғы 31 тамызда «Алтай мемлекеттік университеті» ЖБ ФМББМ-мен 20.04.01 – «Техносфералық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеу және іске асыру туралы №58 келісім жасалды, сондай-ақ 2022 жылғы 31 тамызда онлайн-курстарды пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын желілік нысанда іске асыру туралы №72 келісімшарт бекітілді.
2022–2023 оқу жылында ҚОҚжӨТҚ, География және Экология білім беру бағдарламаларының студенттері Құрманбек Меруерт, Сәбит Шыңғыс, Дүйсебай Шыңғысхан, Қамбаров Ертас, Ғафиятқызы Айкүміс «ЖОО-да экобокстарды орналастыру қажеттілігі» тақырыбындағы Start-Up жобасының жеңімпаздары атанды. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымдастырылған профессор Женсикбаева Назгүл Жаныбековна.
2023 жылы 6В01506 – «География» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Рахимберді Думан мен Құрманбек Меруерт, ғылыми жетекшісі сениор-лектор, докторант Айткожина Салтанат Қайратқызы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында география мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары тобы – В014 бойынша өткен XV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, жеке есепте І орын иеленді. Олимпиада А. Марғұлан атындағы педагогикалық университетінде, Павлодар қаласында өтті.
2010–2011 жылдары кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды. Т 2.20 – «Экология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге Сейткан А.С. Кембридж университетіне жіберіліп, кейін 2011–2014 жылдар аралығында PhD докторантурасында білім алды. Аға оқытушылар Болуспаева Л.С. және Қамбарова Ж.Д. Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінде тағылымдамадан өтті. 2021–2022 оқу жылында кафедра докторанты, сениор-лектор Құмарбекұлы Санат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, Лондон қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті.
2020 жылы PhD докторы, қауымдастырылған профессор Женсикбаева Назгүл Жаныбековна ҚР БҒМ ұйымдастырған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» байқауының жеңімпазы атанды.
2019 жылы 7М01506 – «География» жаңа білім беру бағдарламасы ашылды. Қазіргі уақытта кафедра оқытушылары Калелова Г.Ж., Айткожина С.К. және Сабырбаева Б.Т. докторантурада білім алуда.
Тәрбие жұмысы экология және география кафедрасының білім беру қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тек оқу үдерісі барысында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс уақытта да жүзеге асырылады.
Кафедрадағы тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – білім алушылардың адамгершілік, рухани, мәдени құндылықтарын, этикалық нормаларын және қоғамда қабылданған жалпы мінез-құлық ережелерін қалыптастыру.
Кафедрада тәрбие жұмысы академиялық топтарда кураторлар арқылы жүргізіледі және Қазақстан Республикасында жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру тұжырымдамасын, тәрбие іс-шаралары жоспарын, сондай-ақ «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ даму жоспарын іске асыруға негізделеді.
Кафедра студенттері кафедраның, Жоғары мектептің және Университеттің барлық іс-шараларына белсенді қатысады. Оқу кезеңі бойы кураторлар білім алушылардың ата-аналарымен байланыс орнатып, құқық бұзушылықтың алдын алу, академиялық адалдықты қалыптастыру, оқуға жауапкершілікпен қарау, университет дәстүрлерін құрметтеу және қоғамдағы мінез-құлық мәдениетін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді.
Кафедрада экологиялық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кафедра оқытушылары мен студенттері университет пен қала аумағын абаттандыруға бағытталған сенбіліктерге, экологиялық акцияларға және іс-шараларға белсенді қатысады. Атап айтқанда, «Жасыл толқын» экологиялық үйірмесінің жұмыс жоспарында «Таза Қазақстан» акциясына қатысу, сенбіліктер өткізу, «Тазалық апталығы» аясында аудиторияларды жинастыру, сондай-ақ білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру қарастырылған.
Тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі – экология және география кафедрасы жанынан құрылған «Жасыл толқын» экологиялық ғылыми үйірмесінің қызметі. Үйірме ғылыми-зерттеу, экологиялық-ағартушылық және қоғамдық қызметке қызығушылық танытатын студенттерді біріктіреді. Оның жұмысы қоршаған ортаны қорғауға, тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға, өңірдің экологиялық мәселелерін зерттеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Үйірме аясында дәрістер, тренингтер, семинарлар, экскурсиялар, экологиялық акциялар, ғылыми жобалар, стартаптар, шеберлік сабақтары және экология саласының мамандарымен кездесулер өткізіледі.
Кафедра білім алушылар арасында волонтерлік қозғалыстың дамуын да қолдайды. Студент-волонтерлер қайырымдылық акцияларына қатысып, балалар үйлеріне барып, балаларға көмек көрсетеді, мейірімділік, қайырымдылық, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік бастамалар мен іс-шараларға атсалысады. Мұндай қызмет студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын, гуманистік құндылықтарын және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге қатысуға дайындығын дамытуға ықпал етеді.
Тәрбие жұмысы аясында кафедра патриоттық, мәдени, экологиялық, профилактикалық және әлеуметтік бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырып, қолдау көрсетеді. Студенттер дөңгелек үстелдерге, дебаттарға, конкурстарға, экскурсияларға, мамандармен кездесулерге, экологиялық сабақтарға және зияткерлік іс-шараларға қатысады. Мысалы, «Жасыл толқын» үйірмесінің жұмыс жоспарында Дүниежүзілік су күніне, Халықаралық құстар күніне, Жер күніне, Эколог күніне арналған іс-шаралар, сондай-ақ дебаттарға, форумдарға, экологиялық quiz-ойындарға және ағартушылық сабақтарға қатысу қарастырылған.
Осылайша, экология және география кафедрасының тәрбие жұмысы кешенді әрі жүйелі сипатқа ие. Ол кәсіби білімі, экологиялық мәдениеті, азаматтық жауапкершілігі, патриотизмі, әлеуметтік белсенділігі қалыптасқан және қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға дайын жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Экология және география кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары география, экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін зерттеуге бағытталған үш бастамалық тақырып бойынша жүргізіледі. Барлық тақырыптар бойынша ғылыми жұмысқа магистранттар қатысады. Ғылыми зерттеу нәтижелері магистрлік диссертациялар, дипломдық жұмыстар және ғылыми жарияланымдар түрінде көрініс табады.
Ғылыми бағыт тақырыбы
1) «Кеңістіктік-аумақтық өзгерістер контекстінде Шығыс Қазақстанның қоршаған орта жағдайы мен табиғатты пайдалануын жүйелі бағалау» тақырыбы қаржыландырусыз жүзеге асырылады.
Тақырып жетекшісі – г.ғ.к., доцент, профессор Бейсембаева Р.С.
Мақсаты: жүргізілген рекогносцировкалық және кешенді зерттеулер негізінде Шығыс Қазақстан облысының функционалдық аймақтарының, атап айтқанда рекреациялық, селитебтік, аграрлық және өнеркәсіптік аймақтарының экологиялық-геохимиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық-медициналық көрсеткіштерін зерттеу, талдау және бағалау.
Міндеттері:
1.1 ШҚО функционалдық аймақтарының қоршаған орта компоненттеріндегі ауыр металдардың құрамын талдау және кейінгі экологиялық-геохимиялық бағалау үшін функционалдық аймақтар аумағындағы геохимиялық заңдылықтарды анықтау;
1.2 зерттеу аумағындағы табиғи ресурстар мен табиғи жағдайлардың өңірлік үйлесімдерін зерттеу;
1.3 функционалдық аймақтардың қоршаған орта факторларының демографиялық көрсеткіштерге және халық денсаулығына әсерін зерттеу;
1.4 зерттеу түрлері бойынша әдістемелерді меңгеру;
1.5 кеңістіктік-аумақтық өзгерістер контекстінде Шығыс Қазақстанның функционалдық аймақтарындағы экологиялық, демографиялық-медициналық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жүйелі баға беру.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы Шығыс Қазақстанның қоршаған орта жағдайы мен табиғатты пайдалануын жүйелі бағалау бойынша жинақталған материалдарды жүйелеумен, Шығыс Қазақстанның функционалдық аймақтарының экологиялық-геохимиялық, демографиялық-медициналық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін анықтаумен, сондай-ақ кеңістіктік-аумақтық өзгерістер жағдайында оларды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеумен сипатталады.
Күтілетін нәтижелер және практикалық маңызы
«Титанды-магний комбинаты мысалында қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсері кезіндегі ағзаның метаболикалық аспектілері» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізілді. Орындаушылар: б.ғ.д., профессор Дакиева К.Ж. және PhD доктор Женсикбаева Н.Ж.
Зерттеу барысында өндірістік ортаның қолайсыз факторларының кешенді әсеріне ұшыраған жұмысшылардың қанындағы көмірсу спектріне талдау жасалды. Көмірсу алмасуының көрсеткіштері, атап айтқанда глюкоза, пирожүзім және сүт қышқылдарының деңгейі жұмысшыларда бақылау тобымен салыстырыла отырып зерттелді.
Алынған көрсеткіштерді талдау нәтижесінде глюкоза деңгейінің бақылау тобындағы 4,1±0,6 мкмоль/л көрсеткішпен салыстырғанда 4,5±0,5 мкмоль/л дейін сенімсіз жоғарылау үрдісі байқалғаны анықталды. Комбинат жұмысшыларының қанындағы пирожүзім қышқылының концентрациясы бақылау тобымен салыстырғанда 25%-ға артқан, бұл көрсеткіштің статистикалық маңыздылығы р˂0,001 деңгейінде анықталды. Қандағы сүт қышқылының, яғни лактаттың мөлшері жұмысшыларда 54%-ға жоғарылаған, р<0,001.
Пирожүзім және сүт қышқылдарының артуы ағзада В дәруменінің жетіспеушілігімен, бауыр гипоксиясымен, сондай-ақ гипофизарлық-адреналдық жүйенің бейімделу өзгерістерімен байланысты болуы мүмкін екені белгілі.
PhD доктор Женсикбаева Н.Ж. «Шығыс Қазақстанның сакралды кеңістігін ГИС-технологиялар арқылы зерттеу» тақырыбы бойынша Юго-Западный Алтайдың сакралды кеңістігіне геоақпараттық картографиялау жұмыстарын жүргізуде. Зерттеу аясында Алтайдың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, сакралды орындары және басқа да нысандар бойынша 15 карта жасау жоспарланған. Қазіргі уақытта шамамен 8 карта дайындалды. Аталған жұмысты орындауға «География» мамандығының магистранттары тартылған.
Географиялық таралу аймағын анықтау бөлімі бойынша ШҚО-ның рухани киелі орындары зерттеліп, Юго-Западный Алтайдың сакралды кеңістігін геоақпараттық картографиялау жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағытта Алтайдың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары мен сакралды орындары бойынша 15 карта жасалуда. Тақырып Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылады. Сонымен қатар облыстың рухани киелі жерлерінің теориялық-әдістемелік негіздері қарастырылып, шетелдік тәжірибелерді қолдану негізінде жан-жақты экологиялық-географиялық шолу жасалады. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану бойынша нормативтік-құқықтық база мен қолданыстағы заңнамалық тетіктерге талдау жүргізіледі.
Женсікбаева Н.Ж. «Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамыту үшін табиғи және тарихи-мәдени объектілерін ГАЖ технологиясының көмегімен бағалап, олардың экожүйесін сақтау жолдары» тақырыбы бойынша №355/2025 м/б жобасын жүзеге асыруда. Жоба 2025–2026 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылады.
География ғылымдарының кандидаты, профессор Бейсембаева Р.С. «Қазақстан Республикасы аумағының кеңістіктік ұйымдастырылуы жүйесіндегі демографиялық процестер» тақырыбы бойынша жұмысын жалғастыруда. Зерттеу аясында статистикалық мәліметтерді жинау және жүйелеу жұмыстары жүргізілуде.
ШҚО аумағының бір бөлігіне, атап айтқанда Рудный Алтай аумақтық-өндірістік кешеніндегі Өскемен өнеркәсіптік торабына экономикалық-географиялық талдау жасалды. Сонымен қатар ШҚО көлік-логистикалық жүйесінің шығыс шеткі бөлігін негіздеу бағытында жұмыстар жүргізілді. 2025 жылы зерттеу тақырыбының әлеуметтік бөлігін әзірлеу жалғастырылып, магистранттармен бірлескен ғылыми мақалалар жарияланды.
Цыганов А.П. «Жоңғар» жобасы бойынша жел электр станциясын салуға қарастырылып отырған аумақта өсімдіктер дүниесінің сезімталдығын бағалау және шектеулерді анықтау тақырыбы бойынша жұмыс жүргізді. Жоңғар қақпасы аумағында Жоңғар ЖЭС және электр жеткізу желісі дәлізі бойынша геоботаникалық және флористикалық зерттеулер орындалды. Аталған өңір флорасының конспектісі құрастырылды.
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гармашова С.А. «Өндірістегі әртүрлі қауіпті факторлардың адам ағзасына әсері» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізді. Жұмыс барысында қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге теріс әсерін болдырмаудың кең таралған шараларының бірі ретінде ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын қолдану мәселесі қарастырылды. Өндірістік процесс барысында ауа ортасы шаңмен ластанған жағдайда ұжымдық қорғаныс құралы ретінде жалпы ауа алмасу және сорғыш желдеткіштерді қолдану, сондай-ақ жеке қорғаныс құралы ретінде респиратор пайдалану ұсынылды.
Бакин С.А. магистр «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мысалында ШҚО рекреациялық ресурстарына экологиялық-геохимиялық баға беру» бөлімі бойынша жұмысын жалғастыруда. Зерттеу аясында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағының топырақ және өсімдік әртүрлілігі бойынша қолданбалы зерттеулердің нақты материалдарын өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағының топырақ және өсімдік әртүрлілігі мен ландшафттары бойынша әзірленген картографиялық материалдарды жүйелеу жұмыстары жалғастырылды. Ұлттық парк аумақтары бойынша картографиялық материалдар құрастырылып, болашақ картосызбаларды әзірлеу үшін материалдар дайындалды. Экологиялық-географиялық сипаттағы картосызбалардың электрондық нұсқаларын дайындау, зерттеу тақырыбы бойынша материалдар мен талдауларды компьютерлік өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
2) «Шығыс Қазақстан облысы аумағының табиғи-ресурстық және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін экологиялық туризм мен экологиялық бизнесті дамыту үшін экологиялық-экономикалық бағалау» тақырыбы қаржыландырусыз жүзеге асырылады.
Тақырып жетекшілері: б.ғ.д., профессор Дакиева К.Ж. және PhD доктор Женсікбаева Н.Ж.
Мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының рекреациялық әлеуеті негізінде экологиялық туризмді дамыту үшін табиғи-ресурстық әлеуетті және қолданыстағы әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылымды бағалау, сондай-ақ экологиялық туризм мен экобизнес инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын әзірлеу.
Міндеттері:
2.1 экологиялық туризмді дамыту мақсатында Шығыс Қазақстанның табиғи-рекреациялық әлеуетіне экологиялық-экономикалық баға беру;
2.2 Шығыс Қазақстан облысы аумағында экологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктері үшін әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылымның, кадрлық қамтамасыз етудің және экономикалық әлеуеттің даму деңгейін анықтау;
2.3 ерекше қорғалатын аумақтардың және табиғи-эстетикалық жағынан бірегей аумақтардың халыққа рекреациялық-туристік қызмет көрсету жүйесіне ену әлеуетін анықтау;
2.4 рекреациялық аймақтар мен ландшафттарға экотуристер тарапынан түсетін антропогендік жүктемені экологиялық және экономикалық тұрғыдан есептеу әдістемелерін әзірлеу;
2.5 Шығыс Қазақстанның әлемдік және өңірлік туристік қызметтер нарығындағы бірегей әрі бәсекеге қабілетті факторларын ескере отырып, экологиялық туризм инфрақұрылымын қалыптастырудың экономикалық негіздемесін дайындау;
2.6 табиғи-экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық факторларды ескере отырып, экологиялық туризмді дамыту бағдарламасын әзірлеу.
Ғылыми бағыт тақырыбының жаңалығы: Шығыс Қазақстан облысы аумағының табиғи-ресурстық және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін экологиялық туризм мен экологиялық бизнесті дамыту мақсатында бағалау бойынша жинақталған материалдарды жүйелеу.
Күтілетін нәтижелер және практикалық маңызы:
Чурсин А.С., г.ғ.к., «Үшөлшемді математикалық модель негізінде өнеркәсіптік қалалардағы атмосфералық ауа сапасын болжауға арналған геоақпараттық жүйе модулін құру» мәселесі бойынша жұмысын жалғастыруда. Зерттеу барысында 2024 жыл бойынша ШҚО-ның өнеркәсіптік қалаларындағы экологиялық мониторинг деректерінің үлкен көлемін жинау және өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Салықбаева Г.М. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының экономикасын салалар бойынша салыстырмалы талдау жұмыстарын жүргізуде. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының шаруашылық құрылымы бойынша статистикалық деректер жиналып, бастапқы талдау жасалды. 1:7000000 және 1:5000000 масштабтарында Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының электрондық карталары үшін негіз дайындалды. Сонымен қатар аумақтық-әкімшілік, пайдалы қазбалар, жер бедері, топырақ, Шығыс Қазақстан халқы бойынша карталар жиынтығы, көлік желісі және Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы бойынша электрондық карталар құрастырылды. «Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары» электрондық картасына 2025 жылғы 26 тамызда №61675 авторлық куәлік алынды.
PhD доктор Женсікбаева Н.Ж. ГИС-технологиялар көмегімен Шығыс Қазақстанның сакралды объектілерін зерттеу жұмысын жүргізуде. Зерттеу аясында Юго-Западный Алтайдың сакралды кеңістігін геоақпараттық картографиялау жоспарланған. Алтайдың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары мен сакралды орындары бойынша 15 карта жасау көзделген.
3) «Оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында педагогикалық қызмет кәсібилігін қалыптастыру».
Жетекшілері: п.ғ.д., профессор Завалко Н.А. және PhD доктор Женсікбаева Н.Ж.
Мақсаты: оқу пәндерін оқытуды жетілдіру мақсатында кафедра мүшелері тарапынан оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеу.
Міндеттері:
3.1 Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде оқу-әдістемелік материалдарға деген қажеттілікті зерттеу және оларды басып шығару.
Ғылыми жаңалығы: зерттеу нәтижелері бойынша мектептерге арналған жаңа буын оқулықтарын, сондай-ақ оқу, оқу-әдістемелік құралдарды, атластар мен карталарды басып шығару.
Күтілетін нәтижелер және практикалық маңызы: кафедраның профессорско-оқытушылар құрамы дайындаған оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды және оқулықтарды жариялау.
Кафедра оқытушылары Кайсарова А.С. және Сабырбаева Б.Т. практикалық сабақтарға арналған «Web-картографиялау» оқу-әдістемелік құралын басып шығарды. Кайсарова А.С., Женсікбаева Н.Ж., Сабырбаева Б.Т. және Кабдрахманова Н.К. географиялық және педагогикалық бағыттағы пәндер бойынша 3 оқу-әдістемелік құрал шығарды.
2025 жылы кафедра оқытушылары Дакиева К.Ж. және Зарипова Э.К. «Қалдықтарды басқару» және «Қолданбалы экологиялық зерттеулер» оқу құралдарын басып шығарды.
Дакиева К.Ж., Орсаринова А.О. және Даукенова Б.С. «Экологиялық аудит және қоршаған ортаға әсерді бағалау» оқу құралын шығарды.
Жазнаева Ж.К., Бакин С.А. және Кабдрахманова Н.К. «Агроэкология және ауыл шаруашылығы экологиясы» және «Гидроэкология» оқу құралдарын басып шығарды.
Жазнаева Ж.К., Бакин С.А. және Болуспаева Л.С. «Медиа және тұрмыстық экология» оқу құралын шығарды.
Жазнаева Ж.К. бірлескен авторлармен бірге «Қалдықтарды басқару» оқу құралын басып шығарды.
2025 жылы кафедра оқытушыларының ғылыми нәтижелері халықаралық және республикалық басылымдарда жарияланды. Атап айтқанда, Web of Science базасында 3 мақала, КОКСОН журналдарында 4 мақала, шетелдік басылымдарда 4 мақала және халықаралық әрі өңірлік деңгейдегі 21 мақала жарық көрді.
2025 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында кафедра оқытушылары Дакиева К.Ж. және Женсікбаева Н.Ж. қоршаған ортаның қолайсыз факторларының адам ағзасына әсері тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізді. Сонымен қатар олар Шығыс Қазақстанның сакралды объектілерін геоақпараттық картографиялау бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асыруда.
Чурсин А.С. өнеркәсіптік қалалардағы атмосфералық ауа сапасын болжауға арналған геоақпараттық жүйе модулін құру бойынша жұмысын жалғастыруда.
Салықбаева Г.М. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының экономикасына салыстырмалы талдау жасап, өңірдің электрондық карталарын әзірледі. Осы жұмыс нәтижесінде «Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары» картасына авторлық куәлік алынды.
2025 жылы кафедра студенттері мен магистранттары Жазнаева Ж.К., Дәукенова Б.С., Бакин С.А. және Абдугалиева Г.Ю. жетекшілігімен халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға белсенді қатысып, ғылыми мақалалар жариялады және жоғары ғылыми дайындық деңгейін көрсетті.
6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының студенттері Ержанова Жанзада мен Әбдешов Жүрсін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII Республикалық пәндік олимпиадада II орын иеленді.
«Экология» және «Гидроэкология» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен студенттері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, экология, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Экология және география кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – оқу және ғылыми-әдістемелік әзірлемелерге авторлық куәліктер алу. Бұл кафедрада жүргізіліп жатқан зерттеулердің практикалық маңызы мен инновациялық сипатын көрсетеді.
2025 жылы кафедра оқытушылары экология, география және табиғатты пайдалану саласындағы оқу құралдары мен электрондық білім беру ресурстарына 7 авторлық куәлік алды.
Авторлық әзірлемелер келесі бағыттарды қамтиды:
2022 жылы кафедра оқытушылары зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы 1 куәлік алды. Дакиева К.Ж., Құмарбекұлы С., Әбдіманапов Б.Ш. құрамындағы авторлық ұжым «Экология және тұрақты даму» оқу-әдістемелік құралын әзірледі. Аталған жұмыс 2022 жылғы 6 желтоқсанда №30850 куәлікпен тіркелді. Бұл еңбек білім алушылардың тұрақты даму және экологиялық мәдениет саласындағы білімін қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ заманауи экологиялық тұжырымдамаларды білім беру үдерісіне енгізуді көрсетеді.
2023 жылы зияткерлік меншік саласындағы белсенділіктің артқаны байқалады, бұл жылы 3 куәлік тіркелді. Дакиева К.Ж., Калелова Г.Ж., Құмарбекұлы С. қоршаған орта жағдайын бағалау әдістеріне арналған «Биоиндикация окружающей среды» оқу құралын дайындады. Аталған еңбек 2023 жылғы 4 шілдеде №37778 куәлікпен тіркелді. Құмарбекұлы С., Әбдіманапов Б.Ш., Калелова Г.Ж. геоэкологиялық зерттеулердің негіздерін ашатын «Геоэкологиялық зерттеу негіздері» құралын әзірледі, ол 2023 жылғы 24 қаңтарда №31982 куәлікпен тіркелді. Сонымен қатар Калелова Г.Ж., Әбдіманапов Б.Ш., Құмарбекұлы С. авторлық ұжымы жаратылыстану пәндерін оқытудың педагогикалық аспектілеріне арналған әзірлемеге 2023 жылғы 31 наурызда №34223 куәлік алды. Жалпы, 2023 жыл әдістемелік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы әзірлемелердің күшеюімен сипатталады.
2024 жылы зияткерлік меншік куәліктері жаңа оқу және ғылыми материалдарды дайындау әрі әзірлеу кезеңінде болды. Олардың нәтижелері кейінгі жылдары рәсімделіп, тіркеуден өтті.
2025 жыл тіркелген зияткерлік меншік объектілерінің саны бойынша ең өнімді жыл болды, бұл жылы 13 куәлік алынды. Әзірлемелердің негізгі бағыттары экологиялық аудитті, қалдықтарды басқаруды, агроэкологияны, гидроэкологияны, картографиялауды және цифрлық геоақпараттық өнімдерді қамтиды.
Атап айтқанда, Дакиева К.Ж., Орсаринова А.О., Даукенова Б.С. «Экологиялық аудит және қоршаған ортаға әсерді бағалау» оқу құралына 2025 жылғы 11 ақпанда №54433 куәлік алды. Дакиева К.Ж. және Зарипова Э.К. «Қолданбалы экологиялық зерттеулер» №63240 және «Қатты және өндіріс қалдықтарын басқару жүйесі» №63228 әзірлемелерін тіркеді.
Жазнаева Ж.К., Бакин С.А., Қабдрахманова Н.К. «Агроэкология және ауыл шаруашылығы экологиясы» №62572 және «Гидроэкология» №62570 оқу құралдарына куәлік алды. Сонымен қатар Болуспаева Л.С.-мен бірлесіп «Медиа және тұрмыстық экология» №62853 оқу құралына куәлік рәсімделді.
Картографиялық және цифрлық әзірлемелер маңызды орын алады. Айтқожина С.К. бірлескен авторлармен бірге бірқатар картографиялық өнімдерді тіркеді. Олардың қатарында «Маңғыстау облысының киелі жерлер картасы» №61634, «Hypsometric map of East Kazakhstan Region» №65182, «Sacred places and archaeological sites» №65513, сондай-ақ «Tourist places and protected areas of the East Kazakhstan region» картографиялық әзірлемелері бар.
Салықбаева Г.М., Павленко А.С., Бейсембаева Р.С. «Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары» картасына №61675 куәлік алды.
Жалпы, 2025 жыл цифрлық білім беру ресурстарының, ГИС-картографияның және қолданбалы экологиялық әзірлемелердің белсенді дамуымен ерекшеленеді. Бұл кафедраның ғылыми қызметінің инновациялық кезеңге өткенін көрсетеді.
2026 жылы зияткерлік меншік саласындағы жұмыс жалғасын тапты, 2 куәлік тіркелді. Қабдрахманова Н.Қ., Бейсембаева Р.С. және бірлескен авторлар өңірдің картографиялық және географиялық зерттеулерін дамытуға бағытталған «Шығыс Қазақстан облысының геоморфологиялық картасы» әзірлемесіне 2026 жылғы 3 наурызда №68224 куәлік алды.
Жазнаева Ж.К., Бакин С.А. және бірлескен авторлар мектеп оқушыларының экологиялық білімі мен тәрбиесін дамытуға бағытталған «Школьный экологический кружок» әзірлемесін тіркеді. Аталған жұмыс 2026 жылғы 27 наурызда №69194 куәлікпен тіркелді.
Әзірлемелердің негізгі бағыттары экология, география, цифрлық технологиялар және білім беру әдістемелерімен байланысты. Дәстүрлі оқу құралдарынан цифрлық карталар, ГИС-өнімдер және пәнаралық әзірлемелер жасауға көшу байқалады. Бұл қазіргі ғылым мен білім беру талаптарына толық сәйкес келеді.
Экология және география кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Женсікбаева Н.Ж. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» конкурсының жеңімпазы болып табылады.
Экология және география кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Женсікбаева Н.Ж. 2025–2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін жүргізуге арналған гранттық қаржыландыруға ие болды. Жобасының тақырыбы: «Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту үшін ГИС-технологияларды қолдану арқылы табиғи және тарихи-мәдени нысандардың экожүйелерін сақтау жолдары». Қазіргі уақытта аталған жоба конкурс жеңімпазы болып танылып, жүзеге асырылуда.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы практикалық қызметке белсенді түрде тартылған. Оның нәтижелері ғылыми жобалар, ғылыми мақалалар және әдістемелік әзірлемелер түрінде көрініс табады. Оқытушылардың практикалық қызметі ғылымдағы өзгерістерді, өндірістегі инновацияларды білім беру бағдарламаларын дамыту барысында жедел ескеруге мүмкіндік береді. Бұл оқу пәндері бағдарламаларының мазмұнын түзетуде, сондай-ақ ғылым мен өндірісті интеграциялау негізінде сабақтар өткізуде көрініс табады.
Профессор-оқытушылар құрамы мен білім беру бағдарламаларының білім алушылары халықаралық сипаттағы ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысады.
Атап айтқанда, 8D01506 – География білім беру бағдарламасының докторанты Павленко А.В. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы аясындағы ғылыми-зерттеу жобасының қатысушысы болып табылады. Жоба тақырыбы: «Жерді қашықтан зондтау деректерін, ГИС-технологияларды және машиналық оқыту әдістерін қолдану арқылы Шығыс Қазақстан облысында апатты су тасқындарын болжау жүйесін әзірлеу» (ЖТН BR24992899).
Жоба халықаралық ғылыми команданы, цифрлық платформаны және Алтай мемлекеттік университетімен (Ресей Федерациясы) ынтымақтастықты тарта отырып жүзеге асырылуда.
Әдістемелік жұмыс экология және география кафедрасының білім беру қызметінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және оқу үдерісін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, білім алушыларға жоғары теориялық және ғылыми деңгейде дәрістер мен сабақтар өткізуге, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық шеберлігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жиынтығын қамтиды. Кафедраның әдістемелік жұмысының негізгі мақсаты – оқу үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасау.
Кафедрада оқу пәндерінің оқу-әдістемелік кешендерін, силлабустарды, дәріс материалдарын, практикалық және семинарлық тапсырмаларды, тест сұрақтарын, емтихан билеттерін, білім алушылардың өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Пәндердің мазмұнының жоғары білім берудің заманауи талаптарына, білім беру бағдарламаларына, кәсіби стандарттарға, сондай-ақ экология, география, гидроэкология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау салаларының өзекті даму бағыттарына сәйкестігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу үдерісіне заманауи білім беру технологияларын, интерактивті оқыту әдістерін, кейс-тапсырмаларды, жобалық оқыту элементтерін, цифрлық білім беру құралдарын, ГИС-технологияларды, экологиялық деректер базаларын және тәжірибеге бағытталған материалдарды белсенді түрде енгізуде. Әдістемелік жұмыс аясында ашық сабақтар, өзара сабаққа қатысу, әдістемелік семинарлар өткізіліп, оқу үдерісінің нәтижелері талқыланады, оқыту сапасына талдау жасалып, білім алушылардың білімін бақылау формалары жетілдіріледі.
Кафедраның әдістемелік қызметінің маңызды бағыттарының бірі – жаппай ашық онлайн-курстарды әзірлеу болып табылады. Экология және география кафедрасында МООК-курстарды әзірлеу және оларды білім беру платформаларына енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, экология және география кафедрасының меңгерушісі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айткожина С.К. «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» атты онлайн-курсты әзірлеп, оны Enbek Skills платформасында іске асыруда. Аталған курс Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын, өңірлер бойынша киелі нысандардың тарихи, рухани және мәдени маңызын зерделеуге, киелі географияны ғылыми жүйелеу мен зерттеу әдістерін қарастыруға, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында киелі орындар негізінде туризмді дамыту мүмкіндіктерін талдауға бағытталған.
«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» курсына сілтеме:
https://skills.enbek.kz/ru/author/course/1307/lessons
Сонымен қатар, экология және география кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Дакиева К.Ж. «Қазіргі экологиялық мәселелер» және «Медиа және тұрмыстық экология» атты МООК-курстарын әзірледі. Бұл курстар университеттің edu.vku.kz білім беру платформасында жүзеге асырылуда. Аталған курстар 6В05202 – «Экология», 7М05202 – «Экология», 6В05201 – «География», 6В11201 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 7М11201 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 6В05203 – «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған.
«Қазіргі экологиялық мәселелер» курсы:
«Медиа және тұрмыстық экология» курсы:
Аталған онлайн-курстарды әзірлеу және енгізу білім алушылардың сапалы білім беру ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге, цифрлық білім беру ортасын дамытуға, студенттердің өзіндік оқу белсенділігін арттыруға және заманауи кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді. МООК-курстарды пайдалану дәстүрлі оқыту формаларын қашықтан және интерактивті технологиялармен ұштастыруға мүмкіндік береді, бұл білім беру үдерісін жаңғырту жағдайында ерекше маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, экология және география кафедрасының әдістемелік жұмысының маңызды бағыттарының бірі – білім беру бағдарламалары пәндері бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау және басып шығару болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды, практикумдарды, тапсырмалар жинақтарын, семинарлық және практикалық сабақтарға арналған материалдарды әзірлейді. Бұл жұмыстар «Берел» баспасымен бірлесе жүзеге асырылып, оқу үдерісін сапалы әрі өзекті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқыту сапасын жүйелі түрде арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты кафедрада әр семестр сайын ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу кестелері әзірленіп, бекітіледі. Ашық сабақтар оқытушыларға заманауи педагогикалық тәсілдерді, интерактивті оқыту әдістерін, цифрлық ресурстарды, кейс-технологияларды және тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ал өзара сабаққа қатысу педагогикалық тәжірибе алмасуға, оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу үдерісінің күшті жақтарын талдауға және оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге ықпал етеді.
Кафедраның әдістемелік қызметінің тиімді бағыттарының бірі – ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінде өткізілетін пәндік декадаларға қатысу болып табылады. Мұндай декадалар аясында ашық сабақтар, ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар, зияткерлік ойындар, практикалық семинарлар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Әдістемелік декаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жаратылыстану ғылымдарына, экологияға, географияға және заманауи білім беру технологияларына деген қызығушылығын қалыптастыру.
Декада барысында студенттер өз білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу әлеуетін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алады. Олар ғылыми жобаларын қорғайды, жаңа идеялар ұсынады, цифрлық технологиялар, бағдарламалау, робототехника, ІТ саласының инновациялық бағыттары және жаратылыстану ғылымдарының қолданбалы аспектілері бойынша өзекті мәселелерді талқылауға қатысады. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың дербестігін, кәсіби мотивациясын және практикалық құзыреттерін дамытуға ықпал етеді.
Әдістемелік декадалар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін де үлкен маңызға ие, өйткені олар тәжірибе алмасуға, оқытудың инновациялық формаларын енгізуге, пәндердің мазмұнын жетілдіруге және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға жағдай жасайды. Іс-шараларға белсенді қатысушылар дипломдармен, сертификаттармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады, бұл студенттер мен оқытушылардың ғылыми және білім беру қызметіне деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.
Осылайша, экология және география кафедрасының әдістемелік жұмысы оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуді, оқу құжаттамасын жаңартуды, ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды ұйымдастыруды, әдістемелік декадаларға қатысуды, цифрлық білім беру ресурстарын енгізуді және МООК-курстарды дамытуды қамтиды. Бұл бағыттардың барлығы оқу үдерісінің сапасын арттыруды, оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіруді және экология, география, гидроэкология, тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз етеді.
КАФЕДРАНЫҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
*оқытушы портфолиосын көру үшін суретке басыңыз*

Айткожина Салтанат Кайратовна
Сениор-лектор

Чурсин Анатолий Сергеевич
асс.профессор

Женсикбаева Назгуль Жаныбековна
PhD докторы, профессор

Цыганов Анатолий Павлович
асс.профессор

Бейсембаева Роза Сейдахметовна
профессор

Дакиева Кульзипа Жусуповна
профессор

Бакин Серик Аскарович
Сениор-лектор

Гармашова Светлана Анатольевна
Асс.профессор

Жазнаева Жанат Кадырбековна
сениор-лектор

Орсаринова Асем Оралдиновна
Сениор-лектор

Павленко Анатолий Владимирович
сениор-лектор

Байжуманова Лейла Толеубаевна
сениор-лектор

Абзелеева Камила Аукеновна
сениор-лектор

Кабдрахманова Назым Кабдрахмановна
Сениор-лектор

Нурасылов Айкын Кенжалович
лектор

Кайсарова Асель Саялиновна
Сениор-лектор

Калелова Гульфат Жанболатовна
Сениор лектор

Сабырбаева Ботагоз Талгатбековна
Сениор-лектор

Салыкбаева Галия Манаповна
сениор-лектор

Амангелды Назерке
лектор


