10 қараша 2026


«КЕДЕРГІСІЗ ЭКОНОМИКА»: ЖАҢА ИДЕЯЛАР, БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің экономика бағытында білім алатын студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамын Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылатын «Кедергісіз экономика» атты іскерлік ойынға қатысуға шақырамыз!

Бүгінде экономика, инклюзия және жасанды интеллект қоғам дамуының өзара сабақтас маңызды бағыттарына айналды. Заманауи технологиялар қаржылық қызметтердің қолжетімділігін қалай арттырады? Жасанды интеллект экономика мен бизнеске қандай жаңа мүмкіндіктер ашады? Бұл сұрақтар іскерлік ойын аясында талқыланып, қатысушылар өз білімдері мен идеяларын ортаға салады.

Іс-шараның интерактивті бағдарламасы аясында:

Квиз-ойын – экономика, қаржы және заманауи технологиялар саласындағы білімді тексеруге арналған танымдық сайыс;

Экономикалық викторина – қызықты сұрақтар мен зияткерлік тапсырмалар арқылы қатысушылардың білімін саралау;

Жасанды интеллект боттарымен танысу – университет студенттері әзірлеген AI-негізіндегі инновациялық жобалар мен олардың практикалық мүмкіндіктерін таныстыру;

Интерактивті тапсырмалар – командалық жұмыс, идея алмасу және инклюзивті экономиканы дамытуға, тең мүмкіндіктер мен қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді іздеу.

Өтетін күні: 2026 жылғы 11 қараша

Уақыты: 11:00

Өтетін орны: Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ, 9-оқу ғимараты, 507-аудитория.

Ұйымдастырушылар: «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы және «Экономика, менеджмент және қаржы» кафедрасы.

Баршаңызды білімдеріңізді шыңдап, жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысуға, заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдердің экономикадағы рөлін зерделеуге шақырамыз!

Кедергісіз экономика – жасанды интеллект, инклюзия және баршаға тең мүмкіндік!