24 қараша 2026


ЛИТВАДАҒЫ VMU WINTER SCHOOL 2027 ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Литвадағы Витаутас Магнус университеті (Vytautas Magnus University, VMU) жоғары оқу орындарының студенттері мен қызметкерлерін VMU Winter School 2027 халықаралық қысқамерзімді білім беру бағдарламасына қатысуға шақырады.

Қысқы мектеп аясында қатысушылар білім алып қана қоймай, Литваның мәдениетімен де таныса алады. Бағдарлама заманауи пәнаралық тақырыптарды зерделеуге, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға, сондай-ақ Витаутас Магнус университетінің академиялық ортасымен танысуға мүмкіндік береді. Сабақтар елдің екі ірі университеттік қаласы – Каунас пен Вильнюсте өтеді.

Бағдарлама тіл және мәдениет, технологиялар, бизнес, жаратылыстану ғылымдары, өнер және жаһандық мәселелер бағыттарын қамтитын 11 курстан тұрады. Курстар академиялық тәжірибесі әртүрлі қатысушыларға арналған және ағылшын тілінде жүргізіледі.

Оқу сабақтары 2027 жылғы 5–18 қаңтар аралығында басталады. Әр курстың басталу күні мен ұзақтығы таңдалған бағытқа байланысты белгіленеді.

Бағдарламаға қатысу ақылы. Оқуды сәтті аяқтаған қатысушыларға ECTS академиялық кредиттері және ресми сертификат беріледі.