9 тамыз 2026


«Математика» кафедрасының кеңейтілген отырысы Сатпаева Зухра Зейнетолдақызының диссертациялық жұмысын талқылау мақсатында өтеді

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ-та 8D05401 – «Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сатпаева Зухра Зейнетолдақызының «Граф-ағаштағы дифференциалдық операторлардың реттелген іздері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын талқылау мақсатында «Математика» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді.

Баяндама тілі – қазақша.

Ғылыми консультанттар:

  • Қанғожин Балтабек Есматұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ математика кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

  • Фазуллин Зиганур Юсупович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Уфа ғылым және технологиялар университетінің математикалық анализ кафедрасының меңгерушісі (Уфа қ., Ресей).

Семинар алдындағы талқылау (предзащита) онлайн-офлайн форматында 2026 жылғы 09 қыркүйекте сағат 10:00-де «Математика» кафедрасында өтеді.

Мекенжайы: 070020, Өскемен қ., Шәкәрім даңғылы 148, №7 оқу корпусы, 201-дәрісхана.

ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:

  • Уақыты: 09 қыркүйек 2026 ж., сағат 10:00 (Өскемен қ. уақытымен)

  • Zoom конференциясына кіру: https://us05web.zoom.us/launch/jc/81077590368

  • Конференция идентификаторы: 810 7759 0368

  • Кіру коды: 0hXGXp