6 қазан 2026


ПРАКТИКАЛЫҚ ИНТЕНСИВ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ЭКСПЕРТТІК КЕЙС-СЕССИЯ

Іс-шара Дүниежүзілік балалардың церебралды сал ауруы (ЦСА) күніне және Қазақстан Республикасындағы Мүгедектігі бар адамдар күніне орай ұйымдастырылады.

Кейс-сессия барысында сарапшылар мен қатысушылар церебралды сал ауруы бар балаларды оқытуға, дамытуға және психологиялық-педагогикалық қолдауға қатысты практикалық жағдайларды қарастырады. Сонымен қатар пәнаралық тәсілдер мен практикалық шешімдер талқыланады.

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 7 қазан, сағат 10:00

Өтетін орны: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, №1 оқу ғимараты, 111-аудитория

Форматы: офлайн

Мақсатты аудитория: «Арнайы педагогика», «Психология (IP)», «Бастауыш білім беру (IP)», «Психология», «Клиникалық психология» білім беру бағдарламаларының студенттері, университет және жалпы білім беретін мектептердің педагогтері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, медициналық және оңалту ұйымдарының мамандары.

Ұйымдастырушылар: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасына қарасты «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасына қарасты «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ.