24 қараша 2026


«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТІҢ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗІ»: СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің №1 студенттер үйінде «Емтихан алдындағы мазасыздық пен күйзелісті жеңу» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің негізгі мақсаты – студенттерге емтихан кезеңінде туындайтын мазасыздық пен күйзелісті еңсеру жолдарын үйрету, эмоционалдық тұрақтылығын нығайту, өзіне деген сенімділігін арттыру және күрделі жағдайларда психологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектесу.

Кездесу барысында студенттерге мазасыздықты төмендетуге арналған психологиялық әдіс-тәсілдер таныстырылып, тыныс алу жаттығулары ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, емтиханға дайындық кезінде уақытты тиімді жоспарлау мен эмоцияларды басқарудың маңызын түсінді.

Мұндай психологиялық тренингтер студенттердің эмоционалдық саулығын қолдауға, емтихан кезеңіне сенімді дайындалуына және өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына ықпал етеді.