24 қараша 2026


«ШЕКСІЗ ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА»: AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ

Мәдениет, білім беру және қоғамдық кеңістікті баршаға қолжетімді етуге қалай болады? Көру қабілеті бұзылған адамдардың ақпараттық және әлеуметтік кедергілерсіз өмір сүруіне заманауи технологиялар қалай көмектеседі?

2026 жылғы 26–27 қарашада Amanzholov University базасында «Қазақстандағы ізгі істер уақыты» форумы аясында «Шексіз қолжетімді орта: тифлокомменттеу, инклюзивті технологиялар және көру қабілеті бұзылған адамдарды әлеуметтендіру» тақырыбында халықаралық сараптамалық-практикалық семинар өтеді.

Семинардың негізгі сарапшысы – Ресей Федерациясының өкілі Валерия Сатлер. Ол – кәсіби тифлокомментатор, «Особый взгляд» федералдық бағдарламасының менеджері, «Қолжетімді кинотеатр» жалпыресейлік жобасының ұйымдастырушысы, «Өнер, ғылым және спорт» қайырымдылық қоры командасының мүшесі.

СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫНДА:

– Amanzholov University мен «Dana Bala» орталығының инклюзивті білім беруді дамыту бағытындағы тәжірибесі;

– қолжетімді орта қалыптастыру және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибе;

– тифлокомменттеудің тарихы, негізгі қағидаттары мен кәсіби ерекшеліктері;

– заманауи техникалық құралдар мен цифрлық технологиялар;

– «Особый взгляд» мобильді қосымшасының таныстырылымы;

– тифлокомменттеу сүйемелдеуімен «Головоломка» анимациялық фильмін тамашалау.

ӨТЕТІН КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ:

26 қараша | 15:30–18:00 – сараптамалық-білім беру сессиясы, таныстырылымдар және кәсіби пікір алмасу.

27 қараша | 09:30–12:00 – практикалық сессия, тифлокомменттеу технологияларымен танысу және фильм көрсетілімі.

ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ:

Тифлопедагогтер, арнайы және инклюзивті білім беру мамандары, «Арнайы педагогика» бағытының оқытушылары мен студенттері, тифлокомментаторлар, мәдениет және әлеуметтік сала мекемелерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.

Өтетін орны: Amanzholov University, №1 оқу ғимараты, Coworking Centre, Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34.

Байланыс телефоны: 8 701 345 77 28.

Семинар халықаралық тәжірибемен танысуға, заманауи инклюзивті технологияларды меңгеруге және арнайы шақырылған сарапшыдан практикалық білім алуға мүмкіндік береді.

Қолжетімді орта қалыптастыру түсіністіктен, кәсіби білімнен және бірлескен әрекеттен басталады!

Amanzholov University баршаңызды семинарға қатысуға шақырады!