2 қазан 2026


«СТУДЕНТТЕР VS ПЕДАГОГТЕР» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-СПОРТТЫҚ МАРАФОНЫ

    Колледжде «Студенттер vs Педагогтер» шығармашылық-спорттық марафоны аясында студенттер мен оқытушылар арасында көңілді эстафета ұйымдастырылды.

    Спорттық сайысқа барлығы 4 команда қатысты. Оның ішінде 1 команда оқытушылардан құралса, 3 команда студенттерден жасақталды. Командалар «Алтын құрам», «Үздік лига», «Топ деңгей» және «Таңдаулы төрттік» атауларымен сайысқа түсті.

     Эстафета барысында қатысушылар шапшаңдық, ептілік, жылдамдық және командалық ұйымшылдықтарын көрсетті. Сайыс жоғары көңіл күйде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі эмоция сыйлады.Осындай спорттық шаралар студенттер мен педагогтер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

#біздіңТжКБ #нашеТиПО