28 қазан 2026


ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес жоғары оқу орындарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде «Б» корпусының аудандық және ауылдық деңгейлердегі жекелеген әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналаса алады.

Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабы 6-тармағының 5) тармақшасында көзделген.

Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Eqyzmet.gov.kz порталында «Түлектерге арналған бос жұмыс орындары» бөлімін ашты. Онда қолжетімді лауазымдар туралы ақпарат жарияланады.

Мемлекеттік қызметке орналасуға қызығушылық танытқан түлектерге өзекті бос жұмыс орындарымен төмендегі сілтеме арқылы танысу қажет:

Назар аударыңыз: бос жұмыс орындары туралы ақпарат мемлекеттік қызметтің ресми порталында жарияланған.