19 қазан 2026


ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНДА AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының сениор-лекторы Айнагүл Жапарова мен Құқықтану кафедрасының сениор-лекторы Арай Әбілмажина Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданына барып, мектеп бітіруші түлектермен кәсіби бағдар беру бағытында кездесулер өткізді.

Кездесу кезінде оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу тәртібі және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ болашақ талапкерлерді даярлау бағыттарымен таныстыруға және университетті тәмамдағаннан кейінгі кәсіби даму мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Оқушылар ұсынылған білім беру мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, сапалы жоғары білім алып, кәсіби мансабын қалыптастыру үшін AMANZHOLOV UNIVERSITY-ді таңдауды қарастыратынын жеткізді.

Университеттің кәсіби бағдар беру жұмысы мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға қолдау көрсетуге, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге және өңірдегі білім беру ұйымдарымен байланысты нығайтуға бағытталған.

AMANZHOLOV UNIVERSITY — кәсіби болашаққа бастар сенімді қадам!