23 қараша 2026


«ТАЗА ОЙ, АДАЛ ЖҮРЕК, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ БІРІНШІ КУРС ТАЛАНТТАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде бірінші курс студенттері арасында «Таза ой, адал жүрек, жарқын болашақ» тақырыбында өнер байқауы өтеді.

Баршаңызды қатысушыларға қолдау көрсетуге, бірінші курс таланттарының шығармашылық қабілеттерімен танысуға және жастық шақтың жалынды рухы мен өнерге деген шабытқа толы ерекше атмосферасын бірге сезінуге шақырамыз!

Бірінші курс таланттарының байқауын өткізу кестесі:

— Жоғары колледж – 2026 жылғы 24 қараша, сағат 16:00–20:00;

— Бизнес және құқық жоғары мектебі – 2026 жылғы 24 қараша, сағат 17:00–20:00;

— Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі – 2026 жылғы 24 қараша, сағат 18:00–20:00;

— IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі – 2026 жылғы 25 қараша, сағат 17:00–20:00;

— Педагогика жоғары мектебі – 2026 жылғы 25 қараша, сағат 18:00–20:00.