11 қараша 2026


ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ: ПСИХОЛОГ МАМАНДЫҒЫНДАҒЫ 5 МАҢЫЗДЫ САБАҚ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдығына арналған «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» онкүндігі аясында шеберлік сағаты өтті.

Іс-шарада Тоқтағанова П.А. «ЦПЗ-дан жеке практикаға дейін: сұранысқа ие психолог болудың 5 сабағы» тақырыбында дәріс оқып, психология саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында психолог мамандығының ерекшеліктері, психикалық денсаулық сақтау саласындағы жұмыс бағыттары және жеке психологиялық практиканы қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар кәсіби ортада сұранысқа ие маман болу үшін қажетті дағдылар, үздіксіз даму мен тәжірибенің маңыздылығы сөз болды.

Шеберлік сағаты болашақ психологтардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби қызметіне қажетті түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді.