13 қараша 2026


ТРАНЗАКТІЛІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕГІ МАҢЫЗЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдығына арналған «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» онкүндігі аясында «Транзактілі талдау және өзін-өзі бағалау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Іс-шарада клиникалық психологтар мен психолог мамандарға Баян Ақмарал дәріс оқыды.

Кездесу барысында транзактілі талдаудың теориялық негіздері, тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері, адамның өзін-өзі қабылдауы мен өзіндік бағалауының қалыптасу жолдары қарастырылды.

Шеберлік сағаты қатысушыларға психологиялық үдерістерді тереңірек түсінуге, кәсіби білімдерін толықтыруға және транзактілі талдау әдістерін практикалық қызметте қолдану мүмкіндіктерін меңгеруге жол ашты.

Мұндай кәсіби кездесулер мамандар арасында тәжірибе алмасуға, психологияның заманауи бағыттарын игеруге және кәсіби құзыреттілікті арттыруға ықпал етеді.

35 жылдық тарих – кәсіби сабақтастық пен жаңа мүмкіндіктер!